Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 «Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3923 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
- Осы каулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қарағанды облысының әкімі Е.Бөлекпаев
|
КЕЛІСІЛДІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы _______________А.Ж.Т.
«___»_________2023 жыл
|