«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 428/1-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы               30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды  (кіші бағдарламаларды) және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды  бекіту (қайта бекіту) ережелерінің 3 тарауына және «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 8 желтоқсандағы XXІ сессиясының №271 шешімін жүзеге асыру туралы» «Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 85/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 55/03 қаулысына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 428/1-ө «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік

 

 бағдарламаларын бекіту туралы» бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

14-қосымшаға сәйкес 061 «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына   жәрдемдесу»;

          15-қосымшаға сәйкес 062 «Біліктілік жүйесін дамыту»;

 16-қосымшаға сәйкес 064 «Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету»;

 17-қосымшаға сәйкес 068 «Жұмыспен қамту бағдарламасы»;

 18-қосымшаға сәйкес 069 «Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау»;

көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес 14, 15, 16, 17, 18 қосымшалармен толықтырылсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Қарағанды облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы                                                         Ә. Жүніспекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 «КЕЛІСІЛДІ»

«Қарағанды облысының қаржы

басқармасы» ММ басшысы

 

________________Л.В. Башарина

 

20___ жылғы  «_____» _____________                                    

      М.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
17 января 2024