"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" КММ-нің директоры Қарағанды облысы әкіміне берілген есебі

"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" КММ-нің директоры

Қарағанды облысы әкіміне берілген есебі

Сәлеметсіздерме!

 

"Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" КММ, 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі,  атқарылып  жатқан  жұмыстар  туралы,  есебін  баяндаушы,

Абдыгалиев Бекзат Ерболович 

 

Мекеменің атауы: Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының" Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мекеменің құрылған күні: 1963 жыл.

Жалпы көлемі: 3893 ш. м., оның ішінде пайдалы көлемі 1653,0 ш. м.

Жоспарлы қуаты: 201 төсек-орын.

Жылыту түрі: автономды

 

Қызмет түрі: медициналық-әлеуметтік мекеме қызмет алушылардың (он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектердің) жеке қажеттіліктерін ескере отырып, стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және біріктіруге бағытталған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.

 

Штаттық саны: мекеменің штаттық нормативтеріне сәйкес персонал әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты. Барлығы 159 адам. Іс жүзінде 154 жұмыс істейді. Бос орын 5 - бірлік. Олар, еңбек дене шынықтыру нұсқаушысы, музыкалық қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, есепші. Мекеменің барлық қызметкерлері еңбек демалысына, бекітілген кестеге сәйкес шығады.

 

Мекеме, Екі қабатты ғимараттан тұрады: тұрғындық және әкімшілік. Тұрғындық ғимаратта 193 қамқорлықтағы адамдар тұрады. Бірінші қабатта әйелдер бөлімшесі, медицина бөлімі, асхана, шаруашылық бикесі, шаштараз, психолог, дефектолог кабинеті орналасқан.

Әйелдер бөлімінде 28 бөлме, әлеуметтік қызмет көрсету бөлмесі. Медициналық бөлімшеде, терапевт, невропатолог, стоматолог, фельдшер, физио, массаж, емшара кабинеттері, карантин бөлмесі, туысқандарының келуіне арналған бөлме, бар.

Екінші қабатта ерлер бөлімінде 36 бөлме, процедуралық кабинет, акт залы, ұйымдастырушының ғибадат бөлмесі, теннис бөлмесі бар.

Әкімшілік корпуста басшы қызметкерлердің және шаруашылық-қызмет көрсету қызметкерлерінің кабинеттері, қоймалар, кітапхана, Екі, еңбек терапиясы кабинеті, дәріхана қоймасы орналасқан.

Мекеме аумағында монша-кір жуу кешені, қазандық, азық-түлік сақтайтын қоймалар, гараж орналасқан.

2019 жылы, қамқорлықтағы мүгедектер 201 адам болды. Оның 117 ер адам, 84 әйел адам. Олар психоневрологиялық аурулары бар, өз бетінше тұруға қабілетсіз және аурулар салдарынан стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қажет ететін 1 және 2 топтағы мүгедектер. 23- адам ауыстырылды. Оның ішінде 2 әйел адам "Саран қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" КММ-не туыстарының өтініші бойынша, қалған 21 адам, "Абай қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" КММ-не ауыстырылды.

- 8 адам қабылданды. Оның ішінде: 4-үйден, 4-басқа әлеуметтік мекемелерден келді.

2020-шы жылдың басында әрекетке қабілетсіз 185 қамқорлықтағы мүгедектер болды.

1 жарты жылдығында 12 адам  қабылданды, оның 8 - ер адам,  4- әйел адам.

Бұның ішінде 7-адам үйден келіп түсті, қалған 5 - адам Қарағанды облысының әлуметтік мекемелерінен келді.

2019-2020 жылдар аралығында 3 - ер адам қайтыс болды. Өлімнің себебі: анықталмаған. Энцефалопатия, оң бүйрек обыры c 64, кенеттен өлім R 96.0.

Жаңадан келгендерге жеке істері қалыптастырылып,  тіркеу үшін  құжаттар  дайындалады.

 

2019 жылға, бюджетке барлығы 313мил. 521мың 000,00 теңге салынды.

Республикалық бюджет бойынша - 40мил. 226мың 000,00 теңге,

Жергілікті бюджет бойынша -  273мил.295мың 000,00 теңге,

Азық-түлік алуға 75мил. 295мың 215,74 теңге,

Дәрілік заттарға -  8мил. 747мың 647,82 теңге,

  Отын және жанар-жағармай материалдарыналуға 12мил.167мың 894,50 т

Коммуналдық  және  байланыс қызметтеріне 8мил.203мың 302,74 теңге,

Жалақы төлеуге республикалық бюджет бойынша барлығы 40мил.166мың 957,00 теңге, оның, Арнайы әлеуметтік қызмет бойынша -24мил. 334мың 361,00 теңге, Әкімшілік шаруашылық бойынша - 15мил. 832мың 596,00 теңге,  

Жергілікті бюджет бойынша – 120мил. 375мың 339,00 теңге, оның,

Арнайы әлеуметтік қызмет бойынша – 96мил.251 мың 696,00 теңге,

Әкімшілік шаруашылық бойынша - 24мил.123мың 643,00 теңге.

159 ерекшелік бойынша - 36мил. 025мың 000,00 теңге,

 413,414,419 ерекшеліктер бойынша 12 мил.467 мың 280,00 теңге бөлінді.

Сатып алынды:

- Кір жуғыш машина - 2мил. 884 мың 000,00 теңге

- Центрифуга - 2мил. 710 мың 400,00 теңге,

- Электр таба - 375 мың 555,00 тенге,

- УАЗ автокөлік құралы  -5 мил. 491 мың 000,00 теңге,

 - Мемлекеттік рәмізге - 290 мың 000,00 теңге,

- Тоңазғытқыш шкафтарға - 752 мың 437,00 теңге,

- Физиокабинетке 198 мың 888,00 теңгеге физиотерапия аппараты.

 

2020 жылғы бюджетке 355 мил. 395 мың 000,00 теңге бөлінді.

2020 жылы үнемдеуден, әрекетке қаблетсіз қамқорлықтағы мүгедектер үшін, шахталық көтергішті сатып алуды жоспарлап отырмыз.

- Ғимаратты ағымдағы жөндеуге әзірленген смета бойынша, пандустар мен кіру топтарын өзгерту үшін құрылыс жұмыстарын жоспарлаймыз,

- Сондай-ақ, кабинеттер мен бөлмелердің есіктерінің ойықтарын одан әрі кеңейту мақсатында, беріктігі мен сапасын бағалау үшін қабырғаларға құрылыс сараптамасын жүргізуді жоспарлап отырмыз.

- Қазіргі уақытта кереуеттер, шкафтар, тумбочкалар, орындықтар, үстелдер керек.

- Жұмсақ мүкәммал мен төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау үшін дезинфекциялық шкаф сатып алу қажет.

- Әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағларды мүгедектерді тасымалдау үшін көлік құралы- автобус қажет.

- Қыс мезгілінде мекеме аумағын жинау үшін арнайы техника - тиегіші бар трактор сатып алу қажет.

- Сондай-ақ желдету жүйесі бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу.

 

Назарларынызға рахмет.  

Дата публикации
28 июля 2020