"Ақыл-есі кем балаларға арналған Қарағанды интернат үйі" ММ»

 

«Қарағанды облысының балаларға арналған

 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік

 мекемесі» КММ директоры А.Х.Джагипарованың

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

 алдындағы  есебі

 

 

Қайырлы күн, Абзал Нукенович!

 

«Қарағанды облысының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаты» ММ  1977 жылы құрылған. Қарағанды облысы әкімінің қаулысымен 2011 жылдың 11 шілдесінде «Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ  ауысты. (әрі қарай ПМӘМ). Жалпы штаттық құрылым саны – 474.

          ПМӘМ қызмет түрі – 3 жастан 18 жасқа дейінгі  түрлі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалалрға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.  

ПМӘМ   250 орынға арналған. Қазіргі таңда мекемеде әр түрлі диагнозбен 212  бала тәрбиеленуде. Оның: ішінде ер бала - 137, қыз бала -75.

-         Бала жасынан мүгедек – 129

-         I топтағы мүгедек – 43

-         II топтағы мүгедек – 40

-         Жетім бала – 13

-         Ата-ананың қамқорынсыз – 123

-         Ата-ана құқығынан айырылған – 16

-         Ата-ананың өтінішімен – 73.

2020 жылы 2 бала келіп түсті. Оның біреуі – ата-ананың өтінішімен, екіншісі –балалар үйінен.

2012 жылдан бастап 60 орынға арналған жартылай стационарлық үлгідегі бөлім ашылды. (ары қарай ЖСҮБ) Қазіргі таңда күнделікті түрлі диагнозбен, атап айтсақ: даун синдромы, тірек қимыл-аппараты зақымданған, бала жасынан сал ауруы, түрлі ауыр түрдегі олигрофен диагнозды 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі 50 бала қатынайды. ЖСҮбөлімде 2 корпус «Күншуақ», «Балапан» орналасқан. Балаларға әрқайсысының жеке диагноздарына байланысты, даму ерекшеліктері қатаң түрде ескеріле отырып, 5 мезгіл тамақ  беріледі және таңертең үйді-үйден арнайы көлікпен жинап, кешкісін үйді-үйге қайтарылады.    

Бүгінгі күні пандемия кезіндегі карантинге байланысты, ЖСҮБ қызметі тоқталды.

Мекемеміз 2 қабатты, бірінші қабатында әкімшілік бөлім, медициналық бөлім (егу бөлмесі, физио кабинеті, дәріхана, 2 оқшаулау бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі), спорт  залы, ЕДТ кабинеті, акт залы, тіс дәрігері кабинеті, асхана, шашатараз және    4 корпус орналасқан. 

Екінші қабатында 32 кабинет, оның ішінде: 7 дефектолог мамандарының оқу кластары, массаж кабинеті, психолог кабинеті, сенсорлық кабинет, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар кабинеті, М.Монтессори бөлмесі, 2 шеберхана, тренажер залы және 4 корпус орналасқан.

Әр корпуста балаларға ыңғайланып, жуыну гигиеналық бөлмелер, жатын бөлмелері, ойын бөлмелері, оқу бөлмелері орналасқан.

 Физио кабинеті қажетті медициналық құралдармен жабдықталған; электростимулятор, амплипульс, УВЧ аппараты, биоптрон, физиомед. Медициналық бөлімінде  де күнделікті қажетті  құрал жабдықтар бар. Олар: кварц лампалары, стерилизатор, индикатор. Емдік дене тәрбиесіне арналған кабинетте ортопедиялық матрастар, жүру, жүгіруге арналған тренажер, көпфункциялы массаж төсегі, «Мотомед» тренажеры және  турмалин маттарымен жабдықталған.

 Арна йы жабдықталған кабинеттер мен  шеберханаларда балаларды жалпы  еңбекке машықтандыруға жағдай жасалған. Түрлі тоқу, тігін, қол өнер үйірмелері ұйымдастырылған. Мекеменің қоғамдық өміріне, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-еңбек жағдайына бейім балалар да жұмылдырылған.

 Барлық атаулы күндерге алдын ала ұйымдастырлып мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Күнделікті тақырыптық жоспарлар ұйымдастырылып, түрлі саяхат-серуендер, театрларға, саябақтарға, демалыс орындарына бару жұмыстары да жоспарланып өткізіледі.

 Біздің балалармыз облыстық, қалалық, халықаралық «Спешиал Олимпикс» жарыстарына, фестивальдарға, конкурстарға қатысады.

 Тәрбиеленушілеріміз 5 мезгіл тамақтанады. Ыстық тамақ, диеталық тамақтары дәруменге бай тағамдармен дайындалады. Күнделікті кұнарлы, нәрлі дәрумендерге толы ас мәзірі құрылып дайындалады. Қызмет алушыларымыз медициналық дәрі-дәрмектермен толықтай кешенді қамтылған.

 Күнделікті педагогикалық ұйым – бұлар мұғалім-дефектологтар, логопед, психолотар, музыка мұғалімдері, тәрбиешілер, еңбек нұсқаушылары алдын ала құрылған жеке және топтық түзете дамыту  жоспарларымен жұмыс жасайды. Педагогтар өз жұмыстарында денсаулыққа пайдалы түзету технологияларын әр баланың жеке психофизиологиялық жай-күйін ескере отырып жеке, дара дифференциалды жолдарымен жұмыс атқарады. 

Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық түзету – тәрбиелеу үдерісі оң нәтиже көрсетуде. Көптеген балаларда өз-өзіне қызмет көрсету дағдысы қалыптасуда: шашын тарау, жуынып-шайыну, өз бетінше қимылдау және т.б.

Кейбір сөйлеу дағдысы қалыптаспаған балалар логопед маманының  түзету сабақтарынан кейін ыммен білдіріп, бір екі сөздің басын құрап сөйлеуде. Ал мұғалім дефектологтар балардың психофизиологиялық жағдайын қалыптастырып, танымдық қабілеттерін дамытып, ұсақ қол моторикаларымен түрлі жұмыстар жасауда.

 2019 жылы бізге 679 631 000тг көлемінде қаржы бөлінді. Біз мекеменің кіре беріс есіктеріне жөндеу жұмыстарын жүргіздік. (1535000тг көлеміндегі соммаға тапсырыс). Медициналық бөлімнің төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді                (612196 тг көлемінде келісімшарт жасалды), терезе шыныларын ауыстыру жұмыстары (келісімшарт соммасы 744000тг), подвал асты және корпус трубаларын жөндеу жұмыстары (1262500тт сомма көлемінде келісімшарт жасалды) жүргізілді.

  Педагогикалық және медициналық қызметкерлердің жұмыс өтілімі мен біліктіліктерінің жоғарылауына және де  азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты 2020 жылы мекемемізге өткен жылға қарағанда бөлінген қаржы соммасы жоғары. Ол, 880 434 000 теңгені құрайды.

 Мекеме қызметкерлерінің жұмыс бағыттары  күнделікті тікелей мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке психофизиологиялық жағдайын жақсартып, түзетуге бағытталғанмен, бірнеше қиындықтар кездесіп тұрады.

Құрметті Абзал Нукенович мынаған назар аударуыңызды сұраймын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сай  мекемемізге «Жедел жәрдем» автокөлігі қарастырылмаған, бірақ та күнделікті   өз бетімен жүре алмайтын, арбаға таңылған қызмет алушыларды да емханаларға  апарып денсаулығына байланысты медицналық тексерулерден өтуіне тура келеді. Осындай жағдайда «жедел жәрдем» көлігінің жоқтығы қиындық туғызады. Сол  себепті  Министрліктен осындай ПМӘМ арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартының кейбір тұстарын қайта қарастыруға ықпал етуіңізді сұраймыз.

 Бүгінгі күннің өзекті мәселесі, мекемеміздегі арнайы медицина мамандарының кадрлары атап айтсақ терапевт, психиатр, педиатр дәрігерлері жетіспеуде. Күнделікті осы мамандардың жоқтығына байланысты «Еңбекпен қамтамасыз ету бөліміне» талап етілуі жөнінде есеп беріліп отырғанымен, ешқандай өзгеріс жоқ.

 Күнделікті ЖСҮБ қызмет алушыларның үйден мекемеге, мекемеден үйге қатынауына мекеменің  «ПАЗ» маркалы көлігімен жүзеге асырылуда, ал бұл көлік арнайы балалардың ерекшеліктеріне қарай жабдықталмаған (пандус жоқ, арнайы транспортқа арбадағы баланы көтеруге арналған құрылғының жоқтығы, балаларды отырғызғандағы арнайы бекіткіштің де жоқтығы).

Сізден, арнайы жабдықталған   25 орындық екі автобус алуға қаржы бөлу жағын, әрі қарай қамтамасыз ету лимитімен болуын қарастыруыңызды сұраймыз.

 ПМӘМ жертөлесінде, кір жуу бөлімінде, гараждарда барлық тұрбалардың тозығы жеткен, осыған байланысты қаржыландруды қажет етеді. Түзету кабинеттеріндегі барлық жиһаздардың да тозығы жеткен (үстел, орындық, сөрелер, төсек орындары  баланың психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай емес), қызмет алушылар ауыр диагнозды болғандықтан жиһаздарды бүлдірулері де орын алады.  

 Қыс мезгіліндегі мекеме маңайы қар құрсауында қалуы арнайы қар тазалайтын техниканың қажет екенін көрсетті. Қыс бойы ЖСҮБ балалары мекеменің кіре берісін қар жиі басып қалуына байланысты жиі қатынай ала алмады. Монтессори кабинеті  жабдықтарның да тозығы жеткен. Балаларға арналған заманауи оңалту аппараттарын сатып алу қажеттілігі туындауда.

Мекеме территориясының ойын алаңдарында жабдықтап жөндеуге де қаражат қарастыру көзделуде.

 Арнайы ерекше күтімді қажет ететін ауыр диагнозды балалардың ерекшеліктрін ескере отырып қысқы саябақ салуды да жоспарлап отырмыз.

Абзал Нукенович, мекемеміз жеке меншік үйлердің ортасында, атап айтсақ Р.Люксембург көшесінде орналасқан. Мекемеден бастап Актюбинск көшесіне дейінгі жолдың да тозығы жеткен, ЖСҮБ балаларды тасымалдауда, жолдың ескіруі да автобустың жүруіне қиындық туғызуда. Жол жөндеу жұмыстарында қарастырсаңыз деп сұраймыз.

Мекемеміздің қызмет алушыларының қаза болуы жөнінде де түсіндіре кетсек, соңғы 5 жылда 24 қызмет алушы қайтыс болды. Қайтыс болған жағдайда арнайы комиссия құрылып тексеріледі, мәйітті арнайы талдау экспертизасына апарылып, қорытынды беріледі. Негізгі себеп: өкпенің екі жақты қабынуы, бас миының ісінуі, менингит, жүрек аруларының жетіспеушілігі.

ПМӘМ қызмет алушыларының туа біткен бірнеше ауыр диагнозды болуы, ерте жаста қайтыс болуына себепші.

     

2015-2020 жылдардағы балалардың қайтыс болуы жөніндегі ақпарат.  

 

Жылы

Бала саны

Қайтыс болу себебі:

2015 жыл

6 бала

1.Екі жақты өкпе қабынуы. Жүректегі және өкпедегі жетіспеушілік.

2. Екі жақты пневмония .

3. Сепсис.

4. Өкпе-жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі.

5. Мидың ісінуі. Екі жақты пневмония.

6. Екі жақты пневмония.

2016 жыл

5 бала

1. Екі жақты фибрикозды-іріңді плевропневмония.

2. Екі жақты пневмония.

3. Екі жақты пневмония.

4. Пневмония. Мидың ісінуі.

5. Екі жақты пневмония.

2017 жыл

3 бала

1. Жүректегі және өкпедегі жетіспеушілік.

Екі жақты пневмония.

2. Сепсис.

3.Жедел тыныс жолдарының  жетіспеушілігі.

Төменгі бөліктегі серозды пневмония.

2018 жыл

4 бала

1. Жүрек- өкпе жетіспеушілігі. Екі жақты пневмония.

2. Мидың ісінуі.

3. Жүрек- өкпе жетіспеушілігі. Екі жақты пневмония.

4. Жедел тыныс жолдарының  жетіспеушілігі.

Төменгі бөліктегі серозды пневмония.

2019жыл

6 бала

1. Екі жақты пневмония. Сол жақтағы экссудативті плеврит.

2. Мидың ісінуі.

3. Мидың ісінуі.

4. Мидың ісінуі.

5. Жүрек- өкпе жетіспеушілігі. Екі жақты пневмония.

6. Перитонит. Ойық жараның пурдюрациясы. Бос іш қуысы бар субпеченальды абцесс. Ойық жаралы колит.

2020 жыл

1 бала

1. Мидың ісінуі. Іріңді менингит. Гидроцефалия.

 

Дата публикации
28 июля 2020