Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қарағанды облысы Абай ауданының қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесі" КММ баяндамасы.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

«Қарағанды облысы Абай ауданының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ Баяндама    

 

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қарағанды облысы Абай ауданының қарттар мен мүгедектерінің медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-де егде жасына байланысты өз-өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз қарттар және 1,2 топтағы мүгедектер тұрақты тұруға арналған. Мекеме 1998 жылы 15 мамырдан бастап қызмет етеді.

          Мекеменің көлемі 2324,4 ш. м., 7969ш.м. аймағында орналасқан.

          Бөлме саны-52. Бөлмелер екі кісілік, ыңғайлы тұруына және барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жасалынған. Бөлмелерінде үйдегідей жайлы болу үшін теледидар, үстел, орындық, ыдыс қоятын тумбочка, киімге арналған шкаф, тоңазытқыш, еден және қабырғаға ілетін кілемдер бар. Бір қызмет алушыға тұрғын орынжайдың көлемі 6,4 ш.м болып құрайды.

          Қазіргі уақытта мекемеде 93 қызмет алушы бар (45 ерлер, 48 әйел), оның ішінде 3 тыл еңбеккері (1 ер азамат, 2 әйел), 35 мүгедек, нақты: 1 топтағы-18, 2 топтағы-17 адам.

           Штаттық кесте бойынша 68 бірлік.

           2019 жылдың  қаржы жоспар 109 374 мың теңге құрайды, 100 % меңгерілді.

           2020 жылдың қаржы жоспар – 133 077 мың теңге. Республикалық бюджеттен  ЕТҚ есебінен (психоэмоционалдық жүктемеге қосымша еңбек ақы) қаржыландырылып өсірілді.

Стационарлық үлгідегі ұйымдарының негізгі мақсаттары:

  1. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметі.
  2. Әлеуметтік-медициналық қызметі
  3. Әлеуметтік-психологиялық қызметі
  4. Әлеуметтік-мәдени қызметі
  5. Әлеуметтік-құқықтық қызметі
  6. Әлеуметтік-еңбек қызметі
  7. Әлеуметтік-экономикалық қызметі.

          Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілктері МӘМ әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандармен, дәрігерлермен және басқадай мамандармен анықталады.

Жеке жоспар бойынша өткізілген шаралары орындалуы мекеменің қызметкерлерімен электрондық картотекада/журналда көрсетіледі, журнал әрбір қызмет алушыға бір жыл мерзімге жасалады, жеке жұмыс жоспар әзерленеді, қажеттілігіне қарай өзгерістер енгізіледі.

          Әлеуметтік жұмыстары жөнінде қызметкерлер әзерленген жеке жоспар және қызметтік нұсқама бойынша КММ басқа қызметкерлерімен бірге арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді.

  1. Әлеуметтік –тұрмыстық қызметтері:

Барлық қызмет алушыларға (киім, аяқ киім, ішкі киім және бірінші қажеттіліктегі басқа да заттар берілген. 2019 жылы зейнет ақы қоры есебінен 70 пайыз қажетті заттар сатып алынды: жұмсақ мүкәмәл – 2868,3 мың теңге, жаялықтар- 9263,6 мың теңге, гигиеналық заттары -3129,8 мың теңге.

01.06.2020 жылы зейнет ақы қоры есебінен 70 пайыз қажетті заттар сатып алынды: жаялықтар- 2222,3 мың теңге, гигиеналық заттары – 682,1 мың теңге.

Барлық қызмет алушы тұрмыстық қызметімен қамтамасыз етілген: мезгілімен  және сапасымен жуу, кептіру, үтіктеу. Мекемеде шаштаразы бар. Шаш алу және қырыну кесте бойынша жасалынады.

Барлық қызмет және шаруашылық орынжайлар санитарлық нормаларға және өртке қарсы талаптарға сай.

Барлық қызмет алушыларға 2016 жылы 22 қарашадағы № 896 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тамақтану нормаларына сәйкес сапалы және рационалдық 4 мезгіл тамақ беріледі.

2019 жылы бюджеттік есебінен 35334,0 мың теңгеге азық-түлік  сатып алынды.

2020 жылы бюджеттік есебінен 44349,0 мың теңгеге азық-түлік  сатып алынды.

Діни сенімі ескеріліп, 2019 жылда жерлеу рәсіміне 1203,0 мың теңге жұмсалды. 2020 жылға 1058,0 мың теңге бөлінді.

Қызмет алушыларға демалыс шараларға, дүкендерге, медициналық мекемелеріне баруға автокөлік беріледі.

  1. Әлеуметтік-медициналық қызметтер бойынша келесі шаралар өткізілді:

1.Жылдағы медициналық алдын алу байқауды дәрігер-мамандар өткізеді.

  1. Күнделікті денсаулықты нығайту және хәл жағдайына қарай медициналық процедуралар жасалады.
  2. Дәрігерге дейінгі шұғыл көмек беріледі.

Дәрігердің нұсқауымен қызмет алушыларды  негізгі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

 

 

2019 жылы бюджет есебінен 164,0 мың теңгеге,  зейнет ақы қоры есебінен 70 пайыз  1966,0 мың теңгеге дәрі-дәрмек  сатып алынды.

 2020 жылы 01 маусымға  бюджет есебінен  173,0 мың теңгеге,  зейнет ақы қоры есебінен 70 пайыз  1595,6 мың теңгеге дәрі-дәрмек  сатып алынды.

      Қазақстан Республикасының денсаулық министрлігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығы бойынша ККТМК шеңберінде  науқасты алдын алу  уақытылы қамтамасыз етіледі.

        Палаталарда тәулік бойы медициналық байқау жүргізіледі, яғни күнделікті гигиеналық  талзалақты сақтау, жаурға қарсы профилақтика жүргізу, бөлемерде  дымқылдандырып жинау, қызмет алушыларға психологиялық қолдау көрсету және тағыда басқа медициналық манипуляцияларды жасау.

Денсаулықты нығайту, ағзаның белсендігін қолдау үшін, науқастың алдын алу, ауру және дұрыс терісін күтімін жасау үшін емдік және гигиеналық сылау кең қолдайды.

          Қызмет алушылар арсында әр-түрлі спорттық ойындар, жарыстар өткізіледі.

          Егіде адамдарға және мүгедектерге  физикалық  оңалту процедурасы сылау болып табылады. Жыл басынан -3960 бірлік сылау өткізілді.

 

  1. Әлеуметтік-психологиялық қызметтері.

 Тұлғааралық байланыс жасау мақсатында, жанжал ахуал болмау  үшін, орайлы жағдайды қамтамасыз ету, оның ішінде бейімделеу кезеңі өту үшін -10 әңгіме және  20 психлогиялық  кеңес өткізілді.

 Темекі шегуге  және ішімдік ішуге қарсы  заңгермен, медициналық персоналмен бірігіп 3  әңгіме-ұсыныс өткізілді.

 

 

Мәдени ұйымдастырушы және еңбек терпиясының нұсқаушымен қызмет алушыларды әлеуметтік-мәдени  шараларға қатысу жарамдылығын анықтау  мақсатында қызмет алушылардың арасында тұлғааралық қатынас зерттеу өткізіледі.

Мекеме дәрігерінің қатысуымен «Салауатты өмір сүру» тақырыбты  әңгімелесу және шаралар өткізілді.

  1. Әлеуметтік – еңбек қызметтері

Қызмет алушы мекемеге түскен кезде еңбек терапиясының нұсқаушысы еңбек қажетттіліктерді анықтайды. Еңбек терапиясы – қарттардың жойылған тұрмыстық дағдарларын қалпына келтіру әлеуметтік оңалту құрал. Еңбек терапияның сабақтары өзін-өзі бақылау және эмоциялық тонусты көтереді.

           

2020 жылдың қаңтар айынан бастап топталық және жеке отырыстар өтті «Тоқыма» үйірмеге, киім және төсек жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысады.  Өткізлген шаралар адам ағзасына қолайлы тепетендікті, өмірлік тонусты қалпына келтіреді, ерте қартаюға жол бермейді. Қол өнері және тоқыма көрмелер ұйымдастырылды.

          2020 жылы қызмет алушылар мекеме ауласын көркейтуіне белсене араласты. Есеп беру мерзімінде 15 қызмет алушы қатысты.

  1. Әлеуметтік-мәдени қызметтері.

 Қызмет алушылар қатысуымен тақырыпты және мерекелік  шаралар өтікізіліп тұрады. Қазіргі таңда  мекемеде Қ.Байжанов атындағы концерттік                                    бірлестіктің, Абай қаласының «Виктория» мен «Зере» ардагерлер хоры, А.Құнанбаев атындағы № 5 мектеп-гимназияның оқушылар би тобы, «Арқа сазы», «Мерей», «Арай», «Агрогородок»  селолық клубы, «Сударушка», Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің  келіп концерт берулері әдетке айналды.

Мекемеде кітапхана қоры- 1500  дана. 

  1. Әлеуметтік-құқықтық қызметтері.
  2. Әлеуметтік-экономикалық қызметтері.

Құқықтық және экономикалық мәселелер бойынша әлеуметтік жұмыстары жөніндегі мамандар және заңгер көмек көрсетеді.

Қызмет алушылардың  құқығын және заңды қызығушылығын қамтамасыз ету үшін МӘМ  жасалынып жатқан шаралар  әлеуметтік желілерде Инстаграммда, Фейсбукта  шығып тұрады.

Мекемеде қызмет алушылардың  жақын туыстарымен бірлесе отырып 6 адамнан тұратын  қоғамдық кеңес құрылды, директор ЖМ «Позитивное развитие» және Абай аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Барлық қызмет алушыларға  қол жетімді  интернет қамтамасыз етілген.

            Қызмет алушылар және мамандар бойынша мәліметтері «Е-Собес» және  «Портал социальных услуг» автоматтандырылған жүйге еңгізілді.

 Мекеменің  2019-2020 жылдардағы қызмет қортындысы бойынша қызмет алушылардың туыстарымен  бейне конференция  Zoom  өткізілді.  

 

 

Директор                                                                         Г.Кокибасова

Дата публикации
28 июля 2020