«Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ директоры Н.М. Сыздықанның Е С Е Б І

 

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелері директорларының Қарағанды облысы әкімінің орынбасарына 2020 жылдың 10 шілдесінде өткізілген баяндамалары

 

Доклады директоров подведомственных медико-социальных учреждений Управления координации занятости и социальных программ Карагандинской области

заместителю акима Карагандинской области проведенный 10 июля 2020 года.

 

 «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ директоры Н.М. Сыздықанның

Е С Е Б І

 

Құрметті Абзал Нүкенұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің назарларыңызға өзім басшылық жасап отырған медициналық-әлеуметтік мекеменің 2019 жылғы қызметінің қортындысы бойынша және 2020 жылға жоспарланған жұмыстары жөніндегі баяндау есепті ұсынамын.

Мекеменің жалпы сипаттамасы. Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ведостволық қарасты «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №1медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-і (бұдан әрі – мекеме) 1989 жылы ақпанда соғыс және еңбек ардагерлері үйі ретінде құрылған. 2010 жылы стационарлық үлгіде қызмет көрсететін медициналық-әлеуметтік мекеме болып қайта құрылды.

Мекеме екі қабатты ғимаратта орналасқан, жалпы ауданы 4927 ш.м. құрайды, дизель отынымен жағылатын автономды жылыту жүйесі бар, жоспарлы қуаты 151 қызмет алушыға есептелген. Бүгінгі күні 146 адам тұрып жатыр. Штаттық кесте бойынша 113,5 бірлік қаралған, бүгінде 107 бірлікпен нақты 89 адам жұмыс істеуде, 6,5 бос жұмыс орны қалыптасып отыр.  

Арнаулы қызметтер көрсету. Мекемеде Стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтің 7 түрі көрсетіледі. Атап айтқанда, олар: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени және әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық деп бөлінеді.

Мекемеде бүгінде 15.06.2020 ж. 146 адам тұрады. Оның ішінде ерлер 91- адам, әйелдер 55-адам. Мүгедектер 60-адам, оның ішінде жасы бойынша 18-адам, тыл еңбеккерлері 12-адамды құрайды. Стандартқа сәйкес МӘМ қызметінің тиімділігі әлеуметтендіру үрдісінен жақсы өтіп үйге шығарылған адамдардың санының артуымен бағаланады. 2017-2019 жылдары көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің оң нәтижесінде 5 адам өз еркімен үйге шығарылды, яғни қоғамға қайта қосылды деуге болады. Нақты бір мысал ретінде ұзақ жылға сотталып жазасын атқарып болған соң бізге мүгедек боп түскен Цыганок Сергейді айтуға болады. Ол бізде 1 жыл тұрып мамандардың көмегімен ресоциализациядан сәтті өтіп, отбасын құрып бізден шығып бүгінде Қарағанды қаласында тұрып жатыр. Бұл бағыттағы нәтижелі жұмыс өз жалғасын таба беретін болады.

Барлық қызмет алушылар санитарлық-эпидемиялық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес бөлмелерге орналастырылған, бір-адамға шаққанда тұрғын бөлмелердің орташа ауданы 6-7 ш. м. құрайды.

Қызмет алушыларды бөлмелерге орналастыру кезінде олардың денсаулық жағдайы, жас ерекшеліктері, дене және психикалық жағдайы ескеріледі.

Барлық бөлмелер қажетті жиһазбен, құрал-жабдықтармен, жұмсақ инвентарьмен, төсек-орын жабдықтарымен және басқа да алғашқы қажеттілік заттармен жабдықталған.

Көрсетілетін тұрмыстық қызметтерге сонымен қатар: кір жуу, киімдерді кептіру, үтіктеу, төсек - жабдықтарды дезинфекциялау да жатады.

Қызметалушыларды тасымалдау үшін жеделжәрдем және жүргіншілерді  тасымалдау көліктері бөлінген.

Шаштараз, кітапхана, мәдени іс – шаралар өткізу үшін акт залы, емдеу-дене шынықтыру кабинеті жұмыс істейді.

Ас мәзірі құрылымы №10 және №9 үстелге қойылатын талаптармен жасалады. Тәуліктік рационның калориялығы орта есеппен 4.000 ккал құрайды.

МӘМ-дегі тәртіп ішкі тәртіп Ережесіне сәйкес реттеледі.

Әрбір қызмет алушыға бір жылға арналған жеке жұмыс жоспары әзірленген, ал қызмет алушының жай-күйінің өзгеруін әлеуметтік қызметкер тоқсан сайын қарайды және электрондық картотека журналында көрсетіп отырады. Лауазымдық нұсқаулықтар мен жеке жоспарларға сәйкес әр маман арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету құжаттарды ресімдеу түрінде жүзеге асырылады (жеке куәлікті қалпына келтіру, жеңілдіктер, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдерді алу, тіркелімді және көшірмені ресімдеу, шоттар ашу,  Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықпен жұмыс істеу, әлеуметтік мәселелер бойынша әңгімелесулер өткізумен қажетті кеңестер беру).

Оңалтудың жеке бағдарламасы барлық мүгедектерге ашылып жүргізілген және қайта куәландыру мерзімі қатаң сақталады.

Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық бекет. Созылмалы аурулары бар қамқорлықтағы адамдарды тұрақты бақылау мақсатында паллиативтік көмек палаталары құрылған, қазіргі уақытта онда 33 науқас жатыр.

Физиотерапиялық ем жүргізіледі. Бір физиокабинет бар. 4 - бірлік физика аппаратурасы жұмыс істейді. Емдеу-дене шынықтыру кабинеті бар, онда жұмыс істейтін: жүгіру жолы – 2, велотренажер-3, массаж кереуеті-1, аяқ-қолдарға арналған аппарат, денсаулық дискісі, доптар, шеңбер, турниктер бар. Есік алдында турник, бруся, рукоход сияқты денешынықтыру құрылғылары орнатылған.

Бүгінде жас психолог маман жұмыс істейді. Жеке кабинеті бар. Психолог әр қызмет алушымен жеке дара жұмыс жүргізіп олардың психологиялық портретін анықтайды.  Мәдени ісшаралар акт залында жүзеге асырылады. Қаладағы ірі мәдени ошақтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Әрбір мерекелік күн мерекелік көңілкүймен өз деңгейінде аталып өтеді. Қызмет алушылар арасында шығармашылық бағыттағы «Шабыт» тобы, спорттық бағыттағы «Жігер», шаруашылық бағыттағы «Еңбек» топтары жұмыс істейді. Ережелері жасалып жоспарлары бекітілген.

Еңбек терапиясы  54 – мемлекеттік қызметалушыларға тағайындалды, оның ішінде 18-адам еңбек терапиясының шектеулі өндірістік түрінде және 38 –адам функционалдық-жалпы нығайтушы еңбек терапиясына тартылған.

Мекемедегі қызметкерлердің қолдауының, қызметтердің сапалы көрсетілуінің және өз табандылығының арқасында өмірлік қиын жағдайды жеңіп бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп ел мақтанышына айналған мүмкіндігі шектеулі жан – Наталья Звягинцеваның өмірі біздің мекемелерде де өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарға қолдау көрсетіліп олардың ниеті болса өмірде жетістікке жете алатынының жарқын мысалы бола алады.

Мекеме бюджетінің атқарылуы. Есепті 2019 жылы мекеме бюджеті 223 млн теңгені құрап, толық игерілді. Бір қызмет алушыға кететін бір тәуліктегі шығын 4350 теңгені құрады. Өздеріңіз көріп отырғандай бюджет шығынының үлес салмағы келесідей: ең көп үлесті еңбекақы төлеу қоры, азық-түлікпен қамту, коммуналдық шығындар құрайды. Мекеменің қажеттілігінің көп бөлігі үнемделген қаражат есебінен шешіледі. Мысалы былтыр көптен күткен дизель генераторын, асхана инвентарын, компютерлік техникалар алдық. 2020 жылы жоспар бойынша бюджеттен 263 млн теңге бөлінді. Негізгі мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаражатқа биыл орын алып отырған эпидемияға байланысты мекеменің эпидемиологиялық қорғану мүмкіндігін арттыру мақсатында жеке қорғану заттары яғни дезинфекциялық тоннель, бетперде, обаға қарсы костюм, дезинфекциялық тазалау заттары, термометр, ультрафиолетті құрылғылар сатып алынуда.

Қызмет алушылардың зейнетақысы мен жәрдемақысының 70% шоғырланатын қолмақол бақылау шотындағы қаражат есебінен киім-кешек, төсек жабдықтары, жеке гигиеналық заттар, медициналық қызметтер сатып алынуда.

Демеушілермен жұмыс. Демеушілермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде 2018 жылы Халық банктің қолдауымен мекемеге аса қажетті инвамобиль көлігіне қол жетіп, мүгедектерді тасымалдау әжептәуір жеңілдеді. Демеушілердің көмегінің арқасында құрылыс материалдары алынып көптеген бөлмелерге сылау-сырлау жұмыстары жүргізілді, есік алдына жапсарлас турник, бруся, рукоход, швед қабырғасы сияқты дене шынықтыру құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар демеушілердің тікелей қолдауымен көптен күткен музыкалық аппаратура, стол теннисі жабдығы, жұмсақ жиһаздар, телевизорлар, спорттық инвентарьлар, картиналар мен жасанды гүлдер алынып мекеменің көркін арттырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеруге септігін тигізді. 

Алдағы уақытта жоспарланған жұмыстар. Шешімін күткен мәселелер қатарына қызмет алушылардың шкаф, тумба, стол, орындық сияқты қатты инвентарьларын жаңарту сұрағын жатқызуға болады. Аталмыш заттардың тозуы, жетіспеушілігі көрсетілетін қызметтердің сапасына кері әсерін тигізеді. Дегенмен 2019 жылғы азық-түлік сатып алудан үнемделген бюджет қаражаты есебінен 20 кереует, 30 тумба сатып алдық. 2021 жылға қосымша қаражат сұрап бюджеттік өтінім бердік. Алдағы уақыттарда мекеме ғимаратының шатырын күрделі жөндеуден өткізу және жертөледегі жылумен қамту жүйесін жөндеуден өткізу, карантинде қажеттілігі сезілген қақпа маңында өткізу-бақылау бекетін салу, қызмет алушыларды еңбек терапиясына тиімді тарту мақсатында шағын шеберхана ұйымдастыру сияқты жоспарланған жұмыстар бар. Ү.ж. шілде-тамыз айында үнемделген қаражат есебінен жертөледегі жылумен қамту жүйесінің ең маңызды деген жерлерін жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Тағы бір айта кететін мәселе ол дәрігер мамандардың жетіспеушілігі, яғни штаттық бірліктер бар, мамандар келеді бірақ жұмыстың психоэмоционалдық ауырлығына және еңбекақының аздығына шыдамай кетіп қалады, бүгінде зейнеттік жастағы дәрігерлердің арқасында медициналық қызмет көрсетіп отырмыз. Жалпы біздің саладағы еңбекақының төмендігі басты мәселе деп айтуға болады.

Шешімі өз қолымыздағы сұрақтарды біз үнемі өз назарымызда ұстап шешу жолдарын алдағы уақытта қарастыра беретін боламыз.

Назарларыңызға рақмет!

 

 

 

Дата публикации
28 июля 2020