Қарағанды облысы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына Қарағанды облысының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жұмыс орындарына квота белгілеу:

1) Ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмыс орындарының тізімдік санынан пайыздық мәнде 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерде мүгедектігі бар адамдар үшін, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

2) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;

3) Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін, осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

4) Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе кәмелетке толғанға дейін қалған жастар қатарындағы азаматтар үшін, осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

Қарағанды облысының әкімі                                                        Е. Бөлекпаев

Дата публикации
14 сентября 2023