«Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының және облыс бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының және облыс бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

нұсқалған қаулының қосымшасына:

1 тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1) Үйге әлеуметтік көмек беруші бөлім (бөлімше) меңгерушісі, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі кеңесші, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетулер бойынша қажеттілікті бағалау және анықтау бойынша әлеуметтік қызметкер, қарт адамдар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, Мансаптық орталығының басшылары және қызметкерлері.».

  1. Осы каулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының және облыс бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

 

 

Қарағанды облысының әкімі                                          Е.Бөлекпаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

 Қарағанды облыстық
мәслихатының хатшысы
_______________А.Ж.Т.

"____"_________2023 жыл

 

 

Дата публикации
07 сентября 2023