Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – басқарма) 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді: "жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" және "оралман мәртебесін беру немесе ұзарту".
2020 жылдың қаңтар айынан бастап басқарма 200 мемлекеттік қызмет көрсетті.
"Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 95. Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 105 қызмет.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер бекітілген Стандарттарға сәйкес көрсетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы басқарманың тұрақты бақылауында. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан басқарманың мекенжайына шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есептер Басқарманың сайтында орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар үшін ақпараттық стенд бар.
Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасын толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Басқармада көзі көрмейтін мүгедектерге арналған тактильді құралдар, персоналды шақыру түймесі орнатылды, сондай-ақ кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектерге арналған пандустар орнатылды.
Бұл шаралар мүгедектердің барлық топтары үшін толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.