«Қарағанды облысының
жұмыспенқамтуды
үйлестіру жәнеәлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
2023-2025 жылдарға арналған
бюджеттік бағдарламаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту (қайта бекіту) ережелерінің 3 тарауына және Қарағанды облыстық мәслихатының XXI сессиясының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 271 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің 2023-2025 жылдарға арналған қоса беріліп отырған бюджеттік бағдарламалары бекітілсін:
1 қосымшаға сәйкес 001 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;
2 қосымшаға сәйкес 002 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»;
3 қосымшаға сәйкес 003 «Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау»;
4 қосымшаға сәйкес 011 «Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу»;
5 қосымшаға сәйкес 013 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»;
6 қосымшаға сәйкес 014 «Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»;
7 қосымшаға сәйкес 015 «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету»;
8 қосымшаға сәйкес 018 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру»;
9 қосымшаға сәйкес 044 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру»;
10 қосымшаға сәйкес 053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету»;
11 қосымшаға сәйкес 063 «Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру»;
12 қосымшаға сәйкес 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.