Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қарағанды облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

«2022-2024 жылдарға арналған

бюджеттік бағдарламаларын

бекіту туралы»

«Қарағанды облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру 

және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

2021 жылғы 27

желтоқсандағы № 388/1-ө

бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы               30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды  (кіші бағдарламаларды) және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды  бекіту (қайта бекіту) ережелерінің 4 тарауына және «Қарағанды облыстық мәслихатының IX сессиясының 2021 жылғы 9 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 122 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 22 қарашадағы XX сессиясының № 259  шешіміне сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары олардың қаржыландыру, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты жаңа редакцияда жазылсын:

          001 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», 1 қосымшаға сәйкес;

           002 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», 2 қосымшаға сәйкес;

  013 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет алу орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», 3 қосымшаға сәйкес;

           014 «Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», 4 қосымшаға сәйкес;

  015 «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», 5 қосымшаға сәйкес;

 018 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру», 6 қосымшаға сәйкес;

 044 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру», 7 қосымшаға сәйкес;

 053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету», 8 қосымшаға сәйкес;

 067 «Ведомстволық қарасты мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдардың күрделі шығыстары»,  9 қосымшаға сәйкес;

          113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер»,  10 қосымшаға сәйкес.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Қарағанды облысының

жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы                                                         Ә. Жүніспекова

 

 

 

 

 

                 «КЕЛІСІЛДІ»

«Қарағанды облысының қаржы

басқармасы» ММ басшысы

 

________________Л.В. Башарина

 

20___ жылғы  «_____» _____________                                    

      М.О.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 ноября 2022