«Қарағанды облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
«2022-2024 жылдарға арналған
бюджеттік бағдарламаларын
бекіту туралы»
«Қарағанды облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
2021 жылғы 27
желтоқсандағы № 388/1-ө
бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту (қайта бекіту) ережелерінің 4 тарауына және «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 9 желтоқсандағы ІX сессиясының № 122 шешімін жүзеге асыру туралы» «Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 91/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 мамырдағы №32/02 қаулысына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
001 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», 1 қосымшаға сәйкес;
002 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет алу орталықтарында қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», 2 қосымшаға сәйкес;
013 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет алу орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», 3 қосымшаға сәйкес;
014 «Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», 4 қосымшаға сәйкес;
015 «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», 5 қосымшаға сәйкес;
018 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру», 6 қосымшаға сәйкес;
044 «Жергілікті деңгейде көші-қон іс-шараларын іске асыру», 7 қосымшаға сәйкес;
053 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету», 8 қосымшаға сәйкес;
113 «Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысалы трансферттер», 9 қосымшаға сәйкес.
Қарағанды облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Ә. Жүніспекова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарағанды облысының қаржы
басқармасы» ММ басшысы
________________Л.В. Башарина
20___ жылғы «_____» _____________
М.О.
Орынд.: А.Т. Аубакирова
тел.: 43 16 93