Қоныс аудару бойынша ақпарат 01.12.2022 ж.

Жұмыс күші артық өңірлерден ерікті өңіраралық қоныс аудару Облыстың еңбек кадрларының жетіспеушілігін толтыру мақсатында 2025 жылға дейін "күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылады. Жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін қоныс аударушыларға жұмыс орны беріледі, субсидиялар төленеді және жалға берілетін тұрғын үй беріледі (ол болған жағдайда). Бағдарламаның шарттары бойынша жалға берілетін тұрғын үй алған қоныс аударушылар одан әрі сатып алу құқығымен берілген тұрғын үйде кемінде 5 жыл тұруға тиіс.

Ағымдағы жылы 1 желтоқсанға облысқа барлығы 26 қоныс аударушы (5 отбасы) келді. Қоныс аударушылар Алматы, Шымкент қалаларынан, Алматы, Түркістан, Жетісу облыстарынан Нұра және Ақтоғай аудандарына келді. Қоныс аударған отбасыларға баспана берілді.

Ақтоғай ауданы Айыртас ауылының әкімдіктеріне қоныс аударушыларға арналған үйлер қалпына келтіріліп, жөнделді. Тұруға барлық жағдай жасалған.

Қоныс аударушылар қатарынан еңбекке қабілетті жастағы азаматтар жұмысқа орналастырылды (медициналық мекеме, білім беру және түрлі жұмысшы мамандар).

Әлеуметтік келісімшарт шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушыларға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

1) Көшуге субсидия бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде беріледі;

2) жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу.

Дата публикации
28 ноября 2022