Қазақстанда білім беру иммиграциясы дамитын болады

Әлеуметтік Кодекс жобасын дайындау шеңберінде бұрынғы тәсілдер тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралып, көші-қон саясатының негізгі басым бағыттарын айқындайтын «Ашық Қазақстан +500» жаңа Тұжырымдамасы әзірленді.

  1. Қазақстанда «Бағалы дағдыларға арналған виза» енгізіледі

«Ашық Қазақстан +500» жаңа тұжырымдамасы шеңберінде тапшы кәсіптер бойынша мамандарға еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар көзделген.

Қазірдің өзінде орта мерзімге керекті кадрлардың  қажеттілігін айқындалған мамандықтар атластары әзірленді. Осыған орай, неғұрлым ұзақ мерзімге керекті кадрлардың қажеттілігімен байланыстырып, жергілікті кадрлар арасынан тиісті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету қажеттігі пісіп-жетілді.

Сондықтан Қазақстан үшін жиі тартылатын және тапшы мамандықтар бойынша 100 үздік шетелдік мамандарды шақыру ұсынылады. Бұл мамандардың міндеті білім трансфері мен өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды даярлау болады.

Олар үшін тұруға ықтиярхаты бар «Бағалы дағдыларға арналған виза» енгізіліп, қазақстандық кадрларды алдын ала даярлау үшін үнемі жаңартылып отыратын бағалы дағдылар рейтингі (тапшы кәсіптер мен мамандықтар) қалыптастырылады.

 

  1. Бизнес-иммиграцияны ынталандыру.

 

«Ашық Қазақстан +500» жаңа тұжырымдамасы жобасында бизнеске имиграцияға көзқарас өзгеруде.

ЕЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан экономикасына бір мезгілде 300 мың АҚШ доллардан аса  инвестициялаған шетелдік бизнес үшін инвестициялық және іскерлік визалар алу шарттарын қайта қарау ұсынылады. «Инвестициялық виза» 10 жылдық тұруға рұқсат береді. Виза иесі бизнесті тіркеуге, меншікті иеленуге, қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік алады;

Бұл Қазақстанға жылына 100 бизнес-инвестор тартуды, әсіресе креативті индустрияны дамыту үшін мақсатты барынша шынайы етеді.

Дата публикации
02 сентября 2022