2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 7,5 млрд.теңге қарастырылды және 01.01.2021ж. 7,5 млрд.теңге игерілді немесе жоспардан 100%.
Бағдарламаның «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бірінші бағыты бойынша 1,1 млрд.теңге бөлінді және 1,1 млрд.теңге игерілді:
- еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша жұмыс кадрларын қысқамерзімді кәсіптік оқытуға 1083 адам жіберілді (жылдық жоспар - 580);
- еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 700 адам жіберілді.
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 5,3 млрд.теңге бөлінді және 5,3 млрд.теңге игерілді:
- «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға өзін-өзі қамтыған және жұмыссыз азаматтар қатарынан 2409 адам жіберілді (жоспар - 1800);;
- бизнес-жобаларын жүзеге асыруға жоспарлаған бағдарлама қатысушысына 1161 шағын несие (жоспар 1091), 1531 грант берілді (жоспар - 1502).
Бағдарламаның «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру және адамдардың ерікті түрде қоныс аудару арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағытын жүзеге асыру аясында 1,1 млрд.тенге бөлінді және 1,1 млрд.теңге игерілді:
- бос жұмыс орындарына 32 591 адам жұмысқа орналастырылды (жылдық жоспар 29 303);
- 779 әлеуметтік жұмыс орны құрылды (жылдық жоспар - 594);
- жастар тәжірибесіне 1436 адам жіберілді (жылдық жоспар - 1226);
- қоғамдық жұмыстарға 8 785 адам жіберілді (жылдық жоспар 7927).
Облыс бойынша жыл басынан 34 955 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспар – 33 039), оның ішінде тұрақты – 19 575 орын (жылдық жоспар – 12500).
2021 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша жұмыспен қамту қызметтерінде 3502 жұмыссыз азамат тіркелді (2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша 3496 жұмыссыз азамат).
2020 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады (2019 жылы 4 тоқсан - 4,4%).