Басқарманың бекітілген мемлекеттік сатып алулар жоспарына сәйкес 2020 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге тауарлар мен қызметтер сатып алынды.
Анықтама ретінде:
|
Сатып алу затының түрі |
Көзделген сома, млн. теңге |
|
тауарлар |
782,4 млн.теңге |
|
қызметтер |
751,5 млн.теңге |
|
Барлығы: |
1, 534 млн.теңге |
Аталған сатып алуларға мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналға сурдо-тифлотехникалық құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар), техникалық көмекші құралдар, санаторий-курорттық емдеу, протездеуге медициналық қызметтер, сурдоаударма қызметтер кірді. Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мүгедек балаларға, 18 жастан асқан мүгедектерге және жалғыз басты қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жалпы сомасы 60,7 млн.теңгеге қызметтер сатып алынды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» (еңбек нарығын дамытуға бағытталған) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 8,4 млн.теңгеге мынадай қызметтер сатып алынды:
- ақпараттық-насихаттық аудио және бейне роликтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау және орналастыру, трансляциялау;
- мемлекеттік және орыс тілдерінде жаңалықтар сюжеттерін және басқа да ақпараттық материалдарды дайындау және жергілікті телеарналарда көрсету;
- жергілікті әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялау;
- облыстық газеттерде ақпараттық материалдарды мемлекеттік және орыс тілінде жариялау.
(Тауарлар және көрсетілетін қызметтер бөлінісінде ақпарат қоса беріледі).
2020 жылдың басынан бастап мемлекеттік сатып алу бойынша (ғимаратты ағымдағы жөндеу, коммуналдық қызметтер, автокөліктерді ұстауға және басқа да шығындар) Басқармаға 25,4 млн.теңге бөлінді.
2021 жылы Қарағанды облысы әкімі аппаратының тапсырмасына сәйкес Басқарма ұйымдастырушы ретінде ведомстволық бағынысты 13 медициналық-әлеуметтік мекемеге жеңіл өнеркәсіп тауарларын және өзге де тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ашық конкурс, аукцион тәсілімен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алған жағдайда бір көзден сатып алу бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды өткізуді жоспарлап отыр.