2020 жылғы 4 тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі

2020 жылғы 4 тоқсанда басқарма екі қызмет бойынша 257 мемлекеттік қызмет көрсетті:

  • «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» - 102 қызмет;
  • «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру және (немесе) ұзарту» арқылы - 155 қызмет.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіліп, қызмет көрсету мерзімдері сақталуда. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Басқарманың тұрақты бақылауында. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiнде қызметалушылардан Басқарманың атына шағымдар түскен емес.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есептер Басқарманың сайтында орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларға арналған ақпараттық стенд бар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылғанын.

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасын толыққанды іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында басқармада көру мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тактильді құралдар, қызметкерлерді шақыру түймесі орнатылды, сондай-ақ кресло-арбамен жүретін мүгедектерге арналған пандустар орнатылды.

Бұл шаралар барлық мүгедектер топтары үшін толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Дата публикации
14 января 2021