Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе оны ұзарту», «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту», «Шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға біліктілігінің өз бетінше жұмысқа орналасуға сәйкестігі туралы анықтама беру немесе оны ұзарту», «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу», «Жұмыссыздарды тіркеу», «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру», «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу».
2025 жылы Басқармада барлығы - 97 986 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 323 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген, 97 663 қызмет электрондық форматта ұсынылды, соның ішінде: 383 қызмет «электрондық үкімет» порталы арқылы, 459 қызмет «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы, 86 582 қызмет қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы қызмет алушымен тікелей байланыссыз және 10 239 қызмет қызмет алушымен тікелей байланыс жасай отырып, өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілді.
2025 жылы Басқарма - 803 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқор жүйесі арқылы 459 қызмет көрсетілді. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша 344 қызмет көрсетілді, оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 323 қызмет, «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы – 21 қызмет.
Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетіледі, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері сақталады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Басқарманың тұрақты бақылауында.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы есептер Басқарманың сайтында орналастырылған, сондай-ақ қызмет алушыларға арналған ақпараттық стенд бар және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.
Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында Басқармада көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді құралдар, персоналды шақыру батырмасы, сондай-ақ кресло-арбада қозғалатын мүгедектігі бар адамдарға арналған пандустар орнатылған.
Аталған шаралар мүгедектігі бар барлық азаматтар үшін толық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
2025 жылы Еңбек мобильділігі орталығы 97 183 мемлекеттік қызмет көрсетті (жұмыс іздеушілерді тіркеу, жұмыссыздарды тіркеу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру).
«Электрондық еңбек биржасы» (ЭЕБ) порталы арқылы 86 561 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
– жұмыс іздеуші тұлғалар (ЖІТ) ретінде тіркелгендер – 42 737;
– қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 0;
– жұмыссыздар ретінде тіркелгендер – 37 748;
– жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар берілген – 6 076.
АИС «Еңбек нарығы» (ЕН) арқылы 10 239 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
– жұмыс іздеуші тұлғалар (ЖІТ) ретінде тіркелгендер – 6 613;
– қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 0;
– жұмыссыздар ретінде тіркелгендер – 440;
– жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар берілген – 3 186.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы 383 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы бұйрыққа сәйкес, 28.11.2025 жылы Қарағанды облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-де бақылау іс-шарасы өткізілді, нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жыл ішінде қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.