2025 жылы Еңбек мобильділігі орталығы 97 183 мемлекеттік қызмет көрсетті (жұмыс іздеушілерді тіркеу, жұмыссыздарды тіркеу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру).
2025 жылы «Электрондық еңбек биржасы» (ЭЕБ) порталы арқылы 86 561 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
– жұмыс іздеуші тұлғалар (ЖІТ) ретінде тіркелгендер – 42 737;
– қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 0;
– жұмыссыздар ретінде тіркелгендер – 37 748;
– жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар берілген – 6 076.
2025 жылы АИС «Еңбек нарығы» (ЕН) арқылы 10 239 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
– жұмыс іздеуші тұлғалар (ЖІТ) ретінде тіркелгендер – 6 613;
– қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу – 0;
– жұмыссыздар ретінде тіркелгендер – 440;
– жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар берілген – 3 186.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы 383 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау іс-шараларын жүргізу туралы бұйрыққа сәйкес, 2025 жылғы 22 қарашада Қарағанды облысы бойынша «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-де бақылау іс-шарасы өткізілді, нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.