2025 жылы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есебі

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-басқарма) «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту», «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» және «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

2025 жылы басқарма 803 мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 459 қызмет. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі - 344 қызмет, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы – 323 қызмет, «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы - 21.

Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға бекітілген Стандарттарға сәйкес көрсетіледі, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдері сақталады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы Басқарманың тұрақты бақылауында.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есептер Басқарманың сайтында орналастырылған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар үшін ақпараттық стенд бар, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған.

 

 

Дата публикации
24 апреля 2026