
Әлеуметтік көмек
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – Әлеуметтік кодекстің 120-бабының 4-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамға немесе отбасына берілетін шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде ақшалай нысандағы төлем.
Атаулы әлеуметтік көмектің түрлері
Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.
Шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
Шартты ақшалай көмек – өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар жалғызілікті және жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу.
Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
1) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті немесе жалғыз тұратын аз қамтылған адамдарға:
2) Құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі:
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек жалғызілікті не жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға, ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда, ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетіледі.
Еңбекке қабілетті мүше үшін белгілі бір жеңілдіктер бар: оған жұмыс табуға, білім алуға немесе өз ісін ашуға көмектеседі.
Шартты ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және ай сайын немесе әлеуметтік келісім - шарттың қолданылу кезеңіне бірыңғай түрде төленеді.
АӘК бойынша тағайындалған сомаға ай сайынғы негізде бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Оның мөлшері 2026 жылы – 4 325 теңгені (4 325 * 1,5 АЕК) құрайды.
АӘК тағайындау үшін аз қамтылған отбасылар (азаматтар) жеке басын анықтау үшін өтініш пен жеке куәлікті ұсына отырып, тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына немесе ауылдық жерде – кент, қала, ауылдық округ әкіміне жүгінуі қажет.
Сондай-ақ электрондық үкімет порталы (www.egov.kz) арқылы электрондық қолтаңбаны (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе SMS парольді пайдалана отырып (қызмет – АӘК тағайындау).
Көмек көрсетуге құжаттарды қабылдау кезінде әңгімелесу өткізіледі, оның барысында мемлекеттік қызмет көрсету негіздері айқындалады:
- шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алу үшін;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қажеттілігі;
- әлеуметтік бейімдеу шараларының қажеттілігі.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.
Бүгінгі күні кедейлік шегі медианалық кірістің 35% деңгейінде немесе 2026 жылдың 2 тоқсанына орта есеппен – 47 594 теңге болып белгіленді .
Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін АӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен өңірлерде отбасының әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Бұл ретте отбасының жиынтық табысына мынадай төлемдерден басқа барлық табыс түрлері енгізіледі:
1) атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
8) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (училищелер, колледждер) студенттеріне төленетін стипендия, оның ішінде мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;
10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;
11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
12) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан білім алушыларға студенттерге көрсетілетін материалдық көмек;
3) Кодексінің 11-бабының 17) тарамағына сәйкес «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаулысымен (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) бекітілген азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;
14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;
15) қайырымдылық көмек;
16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
19) заттай түрде көрсетілген көмек: дәрілік препараттар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу), мүгедектігі бар адамдарға бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек, бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынғы қосымша төлем шеңберінде ұсынылатын көмек;
20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы ақшалай төлемдер;
21) Ерікте түрде қоныс аудару қағидалары шеңберінде ерікті түрде қоныс аудару қатысушыларына (отбасының әрбір мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем;
22) «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу;
23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
24) төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
25) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер;
26) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34524 болып тіркелген) Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.
Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады және өтініш берілген күнге байланысты емес. Мысалы, егер сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 қазанда тапсырсаңыз, онда сіз төлемді толық көлемде бүкіл айдыкын аласыз.
Иә, керек. АӘК тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу қажет.
Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 23 501 теңгеден (кедейлік шегінің мөлшері) аспаса, бұл жағдайда отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түріндегі атаулы әлеуметтік көмек төленеді.
Мысалы: отбасының табысы 50 мың теңгені құрайды, отбасында 5 адам. 50 000: 5 = бір адамға 10 000 теңге. Кедейлік шегінің мөлшері 22 621 теңгені құрайды. Демек, 22 621 – 10 000 = 12 621 теңге. Бұл 1 адамға АӘК мөлшері. Яғни, АӘК бүкіл отбасына айына 12 621 х 5 = 63 105 теңге тағайындалады.