GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
21 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды

Зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жинақталған таза инвестициялық кіріс – 14,64 трлн теңге. Жүргізілген төлемдерді қоса алғанда оның зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі 40,6%-ға тең, бұл көрсекіш азаматтардың жинақтарын өсіруде инвестициялық кірістің маңыздылығын растайды. 2014 жылдан бастап зейнетақы қаражатын инвестициялау тиімділігінің айтарлықтай артуы байқалады, бұл салымшылардың (алушылардың) жинақтарының жалпы көлемінің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді. 

Қазақстандағы зейнетақы жинақтары – азаматтардың зейнет жасындағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ұзақмерзімді инвестициялаудың стратегиялық құралы. Икемді инвестициялық саясатты қолдану және инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың инвестициялық портфельдерін әртараптандыру инвестициялық кірістің ұзақмерзімді перспективада тұрақты өсуін қалыптастырады.

Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқамерзімді кезеңдердегі кірістілігін бағалау зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін толық көрсете алмайды. Бұл қаржы құралдары мен басқа да операциялар бойынша қысқа мерзім ішінде есептелген сыйақы түріндегі кірістердің сол кезеңдегі бағалы қағаздар құны мен валюта бағамдарының ауытқуларын әрдайым өтей бермейтіндігіне байланысты. Сондықтан инвестициялық кіріс мөлшеріне объективті талдауды кемінде бір жылдық кезең бойынша жүргізген орынды.

Ағымдағы макроэкономикалық жағдайды ескере отырып, Ұлттық Банктің басқаруындағы міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда, яғни 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі кезеңде шамамен 1,58 трлн теңге инвестициялық кіріс есептелді, осы кезеңдегі кірістілік – 6,17%.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 158,51 млрд теңгені, ал осы кезеңдегі кірістілік 18,65%-ды құрады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар.

  БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.

21 октября 2026
Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?» атты панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда өмірді сақтандыруды дамыту, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және азаматтардың болашақ табысын қамтамасыз етудегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды. 

Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы, Centras Group негізін қалаушы Елдар Абдразаков жүргізді. Талқылауға «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова, Bank CenterCredit вице-президенті Анастасия Овсянникова, «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева және AJR Finance Ltd исламдық қаржытех-компаниясының негізін қалаушы Мұрат Қылышбай қатысты.

 

Пікірталас барысында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру құралдарының бірі ретінде зейнетақы аннуитетін дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттың келешегі туралы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтып берді. Ол Қазақстанның сақтандыру нарығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын және оның одан әрі өсу әлеуеті зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның пікірінше, сақтандыру индустриясының ауқымы әзірге экономиканың даму қарқынына толық сәйкес келе бермейді.  

«Өмірді сақтандыруды дамытуға ықпал ететін бағыттардың бірі – зейнетақы аннуитеті нарығы. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитетін сатып алуға пайдалану мүмкіндігі зейнетақы жүйесіне бастапқыдан-ақ азаматты зейнет жасындағы табыспен қамтамасыз етудің бір нұсқасы ретінде енгізілген. Бүгінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қазақстандықтардың оларды алудың әртүрлі тәсілдерін таңдауға мүмкіндігі бар: БЖЗҚ-дан қаражат толық таусылғанға дейін белгіленген кесте бойынша төлемдер алу, сақтандыру компаниясы арқылы өмір бойы төлемдер алу немесе осы екі нұсқаны үйлестіру.

 Өмірді сақтандыру нарығы инвестициялық нарықпен тығыз байланысты. Классикалық өнімдермен (шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттері) қатар инвестициялық құрамдас бөлікке байланысты жаңа мүмкіндіктер де пайда болуда. Бұл – заңды құбылыс, өйткені бүкіл әлемде өмірді сақтандыру инвестициялық нарықпен тығыз байланысты, ал сақтандыру компаниялары ірі институционалдық инвесторлар ретінде әрекет етеді.

Сондықтан зейнетақы аннуитетін «сатып алдым, ұмыттым» деген қағидатпен қабылдамаған маңызды. Азаматтар бұл қаржы құралының қандай қосымша артықшылықтар беретінін, оның ішінде ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және инвестициялық құрамдас бөлік тұрғысынан түсінуі қажет. Нарықтың одан әрі дамуы сақтандыру қорғанысын, тұрақты дивидендтер мен инвестициялық мүмкіндіктерді ұштастыратын жаңа, оның ішінде гибридті өнімдердің пайда болуына алып келуі мүмкін», – деп түсіндірді Жанат Құрманов.

Жанат Құрманов халық арасында ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін одан әрі қалыптастыру қажеттілігін де атап өтті. Пікірталас барысында айтылғандай, бұл мәселе әсіресе қысқамерзімді қаржылық мақсаттарға басымдық беруге бейім жастар үшін өзекті.

 

Қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің қандай түрлері қолжетімді

 

Еске сала кетейік, зейнетақы аннуитеті – азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасында жасалатын шарт. Оған сәйкес сақтандыру компаниясы өмір бойы немесе шартта белгіленген белгілі бір жасқа дейін ай сайын зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің бірнеше түрі ұсынылады.

 

Шұғыл зейнетақы аннуитеті шарт жасалғаннан кейін оның талаптарына сәйкес төлемдердің басталуын көздейді.

Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті төлемдердің шартта белгіленген белгілі бір кезең өткеннен кейін басталуын көздейді. Кейінге қалдырылған кезеңде қаражат шарт талаптарына сәйкес инвестициялануы мүмкін, бұл болашақ төлемдердің мөлшеріне оң әсер етеді.

Бірлескен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеті екі адамның зейнетақы жинақтарын біріктіріп, шарт талаптарына сәйкес өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың бірі қайтыс болғаннан кейін төлемдер екінші қатысушының пайдасына жалғаса береді.

Осылайша, зейнетақы аннуитеті нарығының дамуы азаматтардың ұзақмерзімді зейнетақы табысын қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қосымша нұсқаларын ұсынады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан алу немесе зейнетақы аннуитетін сатып алу арасындағы таңдау – азаматтың өмірлік жағдайына, жинақтарының мөлшеріне және зейнетақыны жоспарлау мақсаттарына байланысты жеке қаржылық шешім.

21 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

 

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 449,60 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 950,74 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 347,58 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 151,28 млрд теңгені құрады.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қыркүйекте МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,46%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,00%, ҚРҰБ депозиттері – 3,42%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,53%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,14%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,75%, МҚҰ – 0,99%.

Активтердің 37,38%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,99%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,01%.

Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 510,73 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 119,33 млрд теңгені, өзге кірістер – 3,87 млрд теңге.

Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.

2025 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 1,58 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 6,17%-ды құрады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,30%, ҚРҰБ депозиттері – 3,69%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 99,70 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 18,80 млрд теңге кіріс әкелді.

2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 158,51 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 18,65%.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 151,28 млрд теңге.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 24,12 млрд теңге.

Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 14,80%, РЕПО – 13,96%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 10,88%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,46%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,64%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,32%, МҚҰ – 2,36%.  

Атап кетейік, портфельдің 48,26% теңгемен, 51,07% АҚШ долларымен, 0,67% басқа валюталарда ұсынылған. 

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,91%.

"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 19,60 млрд теңге. 

Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 28,55%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,44%, ҚР ЕДБ облигациялары – 17,76%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,37%,Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,34%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 6,24%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,18%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,73%-ын, АҚШ долларымен 26,27%-ын құрайды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,95%.

 "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2] сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,58 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,03%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 13,24%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,02%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,22%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,75%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,23%, ҚРҰБ ноттары – 7,43%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 5,61%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,30%. 

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 62,39%-на, АҚШ долларымен 37,61%-на тең.

Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,30%.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 77,64 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 19,63%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 11,20%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 11,04%, ҚР ҚМ МБҚ – 9,79%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,07%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 7,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,68%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 4,64%, МҚҰ – 1,50%.  

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,49%, АҚШ долларында – 34,51% инвестицияланды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,82%.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 0,74 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексі компоненттерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 52,95%, Репо – 16,02%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 15,67%, ҚР ҚМ МБҚ – 11,05%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 42,94%, АҚШ долларымен – 57,06% инвестицияланды.

"Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 2,43% құрады.

"Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 22,60 млрд теңге.

ҚР ЕДБ облигацияларына – 26,85%, РЕПО – 12,14%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 12,57%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,31%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 8,53%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 7,21%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 5,14%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,52%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 2,74% инвестицияланды.

Ұлттық валютада портфельдің 66,06%-ы, АҚШ долларында 33,94%-ы инвестицияланды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,05%. 

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

[2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды

21 октября 2026
БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
    1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

     

    Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

    Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

    Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

    «Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

    www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

     

    1. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

     

    Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

    www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

    Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

    Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

     

    1. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

     

    Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

    Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

     

    1. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

     

    Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

    Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

    Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

    • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;
    • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;
    • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;
    • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

    Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

    ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

    Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

     

    1. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

     

    БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

    БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

    Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

    Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

     

21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Зейнетақы жүйесі – жасқа да, мамандыққа да қарамайтын, барлық адамның басына түсетін маңызды мәселе. Зейнетақы жинақтарының қалай қалыптасатынын түсіну, олардың көлемін бақылау және болашаққа қаржылық жоспар құру – адамның қаржылық тұрақтылығы мен ертеңгі күнге деген сенімін арттырады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова берген сұхбатында зейнетақы жүйесінде жүзеге асқан және алдағы уақытта күтілетін негізгі өзгерістер, жеке жинақтардың рөлі, ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлаудың маңызы және басқа да өзекті мәселелер туралы айтып берді.

 

Реформалар туралы

 

Елена Бахмутова:

 

«Мемлекет басшысының биыл жыл басында берген тапсырмасына сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған капитал нарығын дамыту бағдарламасын әзірлеуге кірісті.

Бағдарлама таныстырылып, онда зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға тікелей қатысты көптеген жаңа ұсыныстар айтылды. Бұл – жалғасып келе жатқан реформа. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру тәсілдерін әзірлеуге қатысты бағытын да, оның жекелеген бөлігі – зейнетақы жинақтарын басқару мәселесін де қамтиды.

Бұл бағдарламада қандай жаңалықтар бар?

Ең алдымен, оның аяқ астынан пайда болмағанын айту керек. Бағдарлама жыл басынан бері әзірленіп, осы уақыт ішінде нарыққа қатысушылармен көптеген талқылаулар жүргізілді. Мұнда мен айтып отырған нарық қатысушыларының қатарында, ең алдымен, инвестициялық портфельді басқарушылар бар. Өздеріңіз білетіндей, қазірдің өзінде қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қалауы бойынша жеке басқарушы компанияларға беру мүмкіндігіне ие. Енді реттеуші ұйымның ұсынысы бойынша  басқарушы компаниялар бірнеше инвестициялық стратегия ұсынуа алады. Яғни бұл стратегиялар әртүрлі жастағы адамдардың қажеттіліктеріне қарай әзірленеді. Қазіргі таңда жеке басқарушы компаниялар бірден үш түрлі – тәуекелді, қалыпты және консервативті портфель ұсына алады. Ал салымшы солардың бірін өзі таңдайды. Әрине, салымшы бұл активтерді өзі басқармайды. Ол өз жинақтарын кәсіби түрде басқаратын компанияны таңдайды. Бұл ретте барлық реттеушілік талаптар, активтердің сақталуы, өз активтерін зейнетақы активтерінен кастодиандық бөлу сияқты тетіктер толықтай сақталады. Есеп жүргізу де бұрынғыдай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жүзеге асырылады.

Бірақ тағы бір мүмкіндік пайда болады. Болашақта Ұлттық банктің де салымшыларға портфель құрылымын барынша әртараптандыруға мүмкіндік беретін ұсыныстар жасау мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Бұл қалай жүзеге асуы мүмкін?

Былайша айтқанда, «әдепкі» портфель бойынша салымшыларды да біртіндеп жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп орналастыру көзделеді».

 

Инфляция, инвестиция және тиімділік туралы

 

Елена Бахмутова:

 

«Бүгінде тек соңғы айда ғана бірлескен антиинфляциялық шаралардың нәтижесінде инфляцияның 10%, 9,8% дейін түсуіне қол жеткіздік.

Жалпы, әр жылдары инфляцияның күрт өсу кезеңдері болды, жағдай тұрақсыз болған кездер де, дағдарысты жылдар да кездесті. Сондықтан инвестиция тиімділігін бағалағанда, әрине, бірнеше жылдық кезеңді негізге алған дұрыс. Портфельдерге қайта оралсақ, егер тәуекелді портфель туралы айтатын болсақ, оның тиімділігін шамамен бес жылдық кезең бойынша бағалаған дұрыс. Қалыпты портфельдің тиімділігін үш жыл көлемінде қарастыруға болады. Ал консервативті портфельдің нәтижесін негізінен жыл сайын бағалауға болады. Барлығы осыған байланысты.

Ал енді тиімділік пен тиімсіздік мәселесіне келсек, жеке басқарушы компаниялар бенчмарк бойынша жұмыс істейді. Бұл норма қазірдің өзінде қолданыста. Егер басқарушы компания белгіленген бенчмарк деңгейіндегі кірістілікті көрсетсе, бұл оның тиімді жұмыс істеп отырғанын білдіреді. Ал көрсеткіш одан төмен болса, басқарушының жұмысы тиімсіз деп бағаланады. Мұнда бәрін бақылау өте оңай. Ал Ұлттық банкте бұған дейін бенчмарк болған жоқ. Бірақ қазір ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, олар да мандаттық басқаруды беретін болады. Егер мандаттық басқару шетелдік басқарушыларға берілсе, олар да өздері жұмыс істейтін нарықтағы халықаралық бенчмарктерге сүйене отырып жұмыс істейді. Ал ішкі басқарушылар тартылған жағдайда, олар үшін де берілетін мандаттың құрылымына қарай тиісті бенчмарктер қалыптастырылады. Осылайша, Ұлттық банк те іс жүзінде бенчмаркке негізделген жүйеге көшеді».

 

Жеке жауапкершілік және зейнетақы жинақтарын бақылаудың маңызы

 

Қазіргі зейнетақы жүйесі – мемлекет, жұмыс беруші және салымшының ортақ жауапкершілігіне негізделген үштаған.

Тұрақты түрде аударылатын зейнетақы жарналары мен сол жинақтарға есептелетін инвестициялық табыс адамның еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі қаржылық қамтамасыз етілуінде барған сайын маңызды рөл атқарып келеді.

Бүгінде салымшылар БЖЗҚ-ның цифрлық сервистері арқылы жарналарының түсуін, жинақтарының көлемін және есептелген инвестициялық табысын бақылай алады. Мұндай бақылау ықтимал қателерді дер кезінде анықтауға, жинақтардың қалай өзгеріп жатқанын түсінуге және зейнетке шығуға қаржылық тұрғыдан қаншалықты дайын екенін бағалауға мүмкіндік береді.

Елена Бахмутованың айтуынша, адам зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін «кейінге» қалдырмауы керек. Азамат өзінің зейнетақы шотының жай-күйіне неғұрлым ерте көңіл бөлсе, болашақта лайықты табыс қалыптастыруға мүмкіндігі соғұрлым көп болады.

 

Елена Бахмутова:

 

«Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтары қандай кіріс әкеліп отырғанын және зейнетке шығатын сәтіне қарай қанша зейнетақы жинағы болуы керектігін білуге тиіс.

Яғни ол не болып жатқанын үнемі бақылап, қадағалап, қарап отыруы керек. Қазір БЖЗҚ қосымшасына күн сайын кіріп, қанша инвестициялық табыс алғанын қарап отыратын салымшыларды білемін. Мұндай бақылау күнделікті өмірдің қалыпты бір бөлігіне айналуы керек».

 

Зейнетақы жүйесі қоғаммен бірге өзгереді

 

Зейнетақы жүйесі – елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайдың көрінісі. Заңнамадағы өзгерістер, халықтың жүйеге қатысуы, цифрлық сервистердің дамуы және қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығының артуы оның одан әрі дамуына ықпал ететін маңызды факторларға айналып отыр.

Елена Бахмутова атап өткендей, зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы мемлекеттік институттардың жұмысына ғана емес, азаматтардың өздерінің белсенділігіне де байланысты. Зейнетақы жарналарына жауапкершілікпен қарау, қажетті ақпаратты уақытылы алу және жеке қаржыны алдын ала жоспарлау болашақ төлемдерді барынша болжамды етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесінің төрайымы Елена Бахмутовамен болған сұхбат тағы бір маңызды жайтты көрсетті: зейнетақы тақырыбы тек формулалардан, нормативтерден немесе ресми құжаттардан тұрмайды. Бұл – әр адамның жеке таңдауы мен жауапкершілігіне қатысты мәселе.

Адам болашағы туралы неғұрлым ерте ойлана бастаса, қаржылық тұрғыдан тұрақты өмір қалыптастыруға мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

Сондықтан зейнетақы жүйесі туралы ашық диалогтың маңызы зор. Мұндай әңгіме қолданыстағы тетіктерді түсінуге ғана емес, еңбек жолы аяқталғаннан кейінгі сенімді өмірге бастайтын алғашқы қадамды жасауға да көмектеседі.

 

Сұхбаттың толық нұсқасын БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасынан көре аласыз.

https://youtu.be/7aOL1vROqU4?si=rPWAdLERy2hgROqj

21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды.

2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 119 279 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 31,00 млн аса АҚШ доллары, ал 50 877 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 13,83 млн АҚШ доллары аударылды.

Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бағытында ең көп сұранысқа ие болған мақсат — тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру. Осы мақсат бойынша 117 712 алушыға жалпы сомасы 30,51 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу мақсатында 788 жас қазақстандыққа 183,65 мың АҚШ доллары, ал азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) мақсатында 437 қазақстандыққа 102,17 мың АҚШ доллары төленді.

Нысаналы жинақтарды білім алуға пайдалану бағытында қаражаттың ең көп көлемі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталды. Төлемдер әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша 47 584 азаматқа жалпы сомасы шамамен 12,96 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүргізілді.

Бұдан басқа, мынадай бағыттар да сұранысқа ие болды: білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыруға 2 309 алушыға жалпы сомасы 587,56 мың АҚШ доллары аударылды. Ал шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы бойынша бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде 861 азаматқа 220,44 мың АҚШ доллары бағытталды.

Еске салайық, нысаналы талаптарды есептеу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады. Нысаналы талаптарға қатысушының/нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды алу үшін олардың мұрагерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен БЖЗҚ-ға жүгіне алады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мұрагерлерге жалпы сомасы 74,46 мың АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Бұл қаражатты 226 азамат алды.

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.

18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.

Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :

- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;

- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;

- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.

18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.

Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:

  • eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".

          Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.

Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:

  • "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),
  • "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).

Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.

kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:

 

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0

 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша

«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk

https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk

«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:

https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc

https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: 

https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA

https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU

21 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

01.01.2026ж. мен 31.08.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 36,2 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,0 млн-ы электрондық форматта, 11,4 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6%-ын құрады. Цифрландырудың жоғары деңгейіне қарамастан, өңірлік бөлімшелердегі Қор мамандары азаматтарға жүзбе-жүз қызмет көрсетуін әлі де жалғастыруда. Мәселен, күндізгі форматта 516,7 мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде 504,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылған.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. 

Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,3 млн бірлікке жетті. 

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 25,0 млн үзінді көшірме берілді. Оның 22,4 млн-ы – электрондық, ал 2,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 88,8 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.

БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 39,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 783,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 27,5 мың материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 283,0 мың өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  

Шет ауданы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісі "Шеткоммунсервис" КМК
20 октября 2026
Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ШетКоммунСервис» қызметкерлерімен 2026 жылдың 20-шы қазан күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты әңгіме-сұхбат отырысы өткізілді
14 октября 2026
Шет ауданында студенттер құқықтық квестте білімдерін сынады

Шет агротехникалық колледжінің студенттері «Заң мен тәртіп аумағы» атты құқықтық квестке қатысты. Алты команда құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің жұмысымен танысып, заңнама бойынша білімдерін тексеріп, үздік атану үшін бақ сынады.
Бағдарлама Шет ауданының полиция бөлімінде, прокуратурасында және төтенше жағдайлар бөлімінде өткен экскурсиялардан басталды. Әр нысанда студенттер сала мамандарының жұмысымен танысып, мемлекеттік органдардың қоғамдық тәртіпті қалай қамтамасыз ететіні, азаматтардың құқықтарын қалай қорғайтыны және халықтың қауіпсіздігі үшін қандай шаралар атқаратыны жөнінде мағлұмат алды.
Полиция бөлімінде жастар қызметкерлердің міндеттері, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары және әр адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілігі туралы білді. Прокуратурада студенттерге азаматтардың құқықтарын қорғау, заңдылықтың сақталуын қадағалау, сондай-ақ өз құқықтары мен міндеттерін білудің маңызы түсіндірілді. Ал төтенше жағдайлар бөлімінде жастар құтқару қызметтерінің жұмысымен, қауіпсіздік ережелерімен және қауіпті жағдайларда әрекет ету тәртібімен танысты.
Экскурсиялардан кейін қатысушыларды Шет ауданының Жастар ресурстық орталығында интерактивті квесттің келесі кезеңі күтіп тұрды. Алты команда тақырыптық тапсырмаларды орындап, құқық саласына қатысты сұрақтарға жауап берді және ұсынылған күрделі жағдайдың шешімін бірлесе іздеді. Бұл кезеңде құқықтық біліммен қатар, ой қорыту, жылдам шешім қабылдау және топпен жұмыс істеу қабілеті де сынға түсті.
Квест қатысушыларды марапаттау рәсімімен қорытындыланды. Жеңімпаз командалармен қатар, белсенділік танытып, жақсы білімін және ұйымшылдық қабілетін көрсеткен қатысушылар да атап өтілді.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, өткізілді.

14 октября 2026
Шет ауданында колледж студенттері құқық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің жұмысымен танысып, құқықтық білімдерін сынады. «Заң мен тәртіп аумағы» атты іс-шараға алты команда қатысты

13 қазанда Шет агротехникалық колледжінің студенттеріне арналған құқықтық квест Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау.

Бағдарлама аясында қатысушылар аудандық полиция бөліміне, прокуратураға және төтенше жағдайлар бөліміне барып, мамандардың қызметімен танысты.

Полиция бөлімінде студенттер қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын орындау жөнінде ақпарат алды. Прокуратурада азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңдылықты қамтамасыз етудің маңызы түсіндірілді. Ал төтенше жағдайлар бөлімінде қауіпсіздік ережелері және қауіпті жағдайда әрекет ету тәртібі сөз болды.

Танымдық экскурсиялардан кейін жастар аудандық Жастар ресурстық орталығында бас қосып, құқықтық квестке қатысты. Алты команда түрлі тапсырмаларды орындап, құқықтық білімдерін ортаға салды. Қатысушылар сұрақтарға бірлесіп жауап іздеп, ұйымшылдық пен белсенділік танытты.

Іс-шара соңында барлық қатысушы марапатталды. Жеңімпаз командалармен қатар, белсенділігімен және командалық жұмысымен ерекшеленген жастар да атап өтілді.

🔍Толығырақ сайтта : ortalyq.kz

Социальные сети
Шет ауданы әкімінің аппаратының Instagram парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Facebook парақшасы
Шет ауданы әкімінің аппаратының Youtube арнасы
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы