ЖОСПАРЛЫ ҚҰРЫЛЫС БОЙЫНША ЖИНАЛЫС

ЖОСПАРЛЫ ҚҰРЫЛЫС БОЙЫНША ЖИНАЛЫС

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аудан орталығында салынуы жоспарланған дене шынықтыру - сауықтыру кешені құрылысы бойынша жиналыс өтті. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы С.Социал , бас мердігер мекеме “БАЙНУРСТРОЙМОТАЖ” ЖШС және құрылыс жұмысына жауапты сала басшылары қатысты. Қазіргі таңда мердігермен келісім шарт жасалып, жер қазба және демонтаж жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарлануда. Отырыс барысында құрылыс жұмыстарына талдау жасалып, бірқатар мәселелер көтерілді. Сонымен қатар, аудан басшысы мердігер мекеме мен жауапты сала басшыларына нақты нұсқаулар мен ұсыныстар беріп, қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.