КЕЗЕКТІ КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ

КЕЗЕКТІ КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті кеңейтілген аппарат отырысы өтті.

Аудан басшысы күн тәртібіндегі:
✔️ Аудан аумағындағы фельдшерлік-акушерлік пункт құрылыстарының жағдайы; ✔️Шет ауданының салық салынатын базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру. Ағымдағы жағдай бойынша:
✔️ Көктемгі су тасқыны кезеңі;
✔️ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары;
✔️ БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстарға тоқталып, сала бөлім басшыларының баяндамаларын тындады.
Аталмыш жиында аудан басшысы ауданның халыққа қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалған Мугинов Ойрат Дулатұлын барша әріптестерінің алдында таныстырды.
Жиын соңында аудан басшысы ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшыларына көтерілген мәселелер мен санитарлық -тазалық бойынша бірқатар атқарылуы тиіс және басқада нақты хаттамалық тапсырмалар берді.