Құрметті Шет ауданының тұрғындары!

Құрметті Шет ауданының тұрғындары!

Өздеріңіз куә болып жүргендей біршама уақыттан бері "ШетЭнерго" ЖШС - і меншігіндегі электр тоғының мәселесіне байланысты аудан әкімдігі тарапынан төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және қауіпсіз, тұрақты электртоғымен қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Заңына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
Алайда, бұл іс - шараларға кереғар түрде тұтас халықтың арасына іріткі сала отыра, әкімдік жұмысын жағымсыз көрсету үшін жалдамалы адамдарды пайдалану арқылы жұмыстар жасалуда.
Сондықтан Сіздерді жуық аралықта әр түрлі желілерден тарауы мүмкін және таралып үлгерген жағымсыз және теріс ақпараттарға сенбей ауызбіршілік танытуларыңызды сұраймыз! Ал, мұндай теріс әрекеттерді ұйымдастырушы және таратушы адамдар анықталып тиісті Заң алдында жауап беретінін жеткіземіз. Ауданымыздың ертеңгі жарқын болашағы - бүгінгі біздің іс - әрекетіміз бен азаматтық позициямызға байланысты екендігін ұмытпайық!