ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС

Биылғы жылы 3 сәуірде республикалық маңызы бар автокөлік жолының құрылысына байланысты ауыл жиналысында халық тарапынан бірқатар маңызды ұсыныстар мен мәселелер көтерілген болатын.
Оларды толыққанды шешу мақсатында кеше аудан әкімі Мұхит Сайлауұлының төрағалығымен арнайы жиналыс өтті. Айтулы шараға аудандық мәслихат төрағасы С.Социал, аудан прокуроры Бағлан Абдулахатұлы, «ҚазАвтожол» АҚ сапаны бақылау және жұмыс қабылдау бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Нұркенұлы, Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Дархан Бекдарұлы, «СинеМидасСтрой» ЖШС жоба жетекшісі Хусейн Будан, тиісті бөлім басшылары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар атынан өкілдер қатысты.

📍 Көтерілген негізгі мәселелер:
🔹 Трассадан өтетін үй жануарлары үшін қауіпсіз өткел жасау:
🔹 Жол бойына қоршау (сетка) орнату: жұмыстарын жеделдету
🔹 Көктал мен Қожыр тауына шығатын айналма жолды қолайлы ету:
🔹 Өткел астына щебень төсеу арқылы өткелді ыңғайлы қылу:
🔹 Қожыр жолын қайта тегістеу, қосымша материал төсеу:
🔹 Қайрақты ауылына кіре берістегі жолды көктемгі су шайып кетуіне байланысты жөндеу жұмыстарына көмек көрсету:

🛠️ Бұл ұсыныстар жол салушы мердігерге және жауапты мекемелерге нақты жеткізіліп, бірқатар мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер мен жауаптар алынды.