
Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен Ақадыр кентінде болып тұрғындармен кездесті.
Айтулы шараға әкімдік қызметкерлері мен ауданның орталық аурухана басшысы А.Аманжолов және кент тұрғындары қатысты. Кездесудің басты мәселесі дәрі-дәрмекпен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы болды. Тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмектердің, жетіспеушілігі баса айтылды. Өз кезегінде аудан әкімі медицина саласына үлкен мән беріп, халықтың денсаулығын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жасау бойынша сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Сондай - ақ, көтерілген мәселелердің оң шешімін назардан табуы жеке бақылауында болатынын жеткізді.