
2025 жылдың 6 сәуірінде өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Өспен ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімі М.Мұхтаров жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау қорытындылары туралы айта келіп, ауылдық округ әкімі болып сайланған А.Абиловқа округ әкімінің куәлігін табыстады.
Абилов Арман Хайроллаұлы -1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы - экономика және менеджмент
Еңбек жолын 2004 жылы «Nova Цинк» ЖШС-де жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің экономисті болып бастап, 2004 - 2009 жылдары «Nova Цинк» ЖШС-де түрлі лауазымдарда қызметте болған.
2009 – 2019 жылдары «Nova Цинк» ЖШС-нің қаржы жөніндегі директоры, 2019 - 2022 жылдары “Комфортный қала” құрылыс компаниясының қаржы жөніндегі директоры,
2022 - 2024 жылдар аралығында жеке кәсіпкер. 2024 жылдан бүгінгі сайлануға дейін С.Сейфуллин кентіндегі балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.