ІС - САПАР ЖАЛҒАСУДА

ІС - САПАР ЖАЛҒАСУДА

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың іс - сапары Талды ауылдық округінде жалғасты. Жағдайды жергілікті жерде бағамдауға барған аудан басшысы алдымен елді мекендегі су тасқыны кезеңінің өту барысын көрді. Оның ішінде осал учаскелерді және су өткізу құрылыстары мен қорғаныс бөгеттерін аралап, ауылдың су бұру арнасының жағдайымен танысты. Сонымен қатар, округ орталығындағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап, елді-мекеннің санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын да қарады. Осыдан кейін, аудан басшысы ауылдық округ әкіміне үйлесімді жұмыс жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қолға алып, жағдайды тұрақты бақылауды тапсырды.