
2025 жылдың 6 сәуірінде өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Нұраталды ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімі М.Мұхтаров жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау қорытындылары туралы айта келіп, ауылдық округ әкімі болып сайланған Е.Құтышевқа округ әкімінің куәлігін табыстады.
Құтышев Ерлан Қошжанұлы – 1972 жылы Шет ауданы Нұраталды ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Ө.А.Байқоныров атындағы Жезқазған университетін құрылысшы мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Жезқазған қаласының ІІБ-нің жедел уәкілі болып бастап, әр жылдары Жезқазған кен байыту фабрикасының құрылыс жөндеу цехының шебері, Жөндеу-құрылыс цехының аға прорабы, “Қазақмыс коорпорациясы” ЖШС филиалы-“Жезқазғантүстіметалл” ӨБ байыту - өндірістік кешенінің жетекші инженер-құрылысшысы, “Қазақмыс коорпорациясы” ЖШС филиалы - “Жезқазғантүстімет” ӨБ көтеру машинасының машинисі, 2021 жылдан бүгінгі сайлауға дейін Шет ауданының Нұраталды ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.