
Бұл видеодағы әр кадр — өмірдің шындығы, бір ғана күннің көрінісі.
Адамдардың қателігі, коммуналдық жұмысшылардың маңдай тері, кішкентай жүректен туған үлкен іс…
Біз көбіне байқамай қоқыс тастаймыз. Ал оны біреу жинауы керек екенін, біреудің күнделікті жұмысы екенін ескере бермейміз.
Әр әрекетіміз — біреудің мойнына артылған салмақ.
Қоқыс тастау — оңай. Ал жинау — беймәлім еңбек.
Қоршаған ортаны қорғау – бұл тек акциялар мен шаралар ғана емес, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуы қажет. Әрбіріміздің жауапкершілігіміз – өзіміздің ауламызды, көшелерімізді таза ұстау ғана емес, сол арқылы балаларымызға да экологиялық мәдениеттің маңыздылығын көрсету.
Таза ауыл – бұл біздің болашағымыздың кепілі. Әрқайсымыз өз ауылымызды таза ұстап, табиғатқа деген құрметімізді көрсетсек, еліміздің экологиялық болашағы жарқын болмақ.
Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның басты мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару.
Құрметті Ақсу-Аюлы ауылдық округінің тұрғындары! Әркім өзінен бастау арқылы осы мәселені шешуге қадам жасай алады. Сондықтан біз әркімді акцияға қатысуға шақырамыз.
@shetvp @zh.akylbaev @y.altynsarin_school