
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Ең алдымен аудан әкімі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінін өз мәнінде ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтуіне атсалысқан мекеме басшыларына, ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне және іс-шараға демеушілік жасап, көмек көрсеткен барша азаматтарға алғыс айтты.
Сонымен қатар, Наурыз мерекесіне орай облыс көлемінде ұйымдастырылған мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыста ауданымыздың құрама командасы жеңімпаз атанып, айрықша қуаныш сыйлағанын атап өтті.
Келесі кезекте, көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына көрсеткен көмектері үшін арнайы шақырылған әскери бөлімнің сарбаздарына да зор ризашылық білдірді.
Осыдан кейін аудан басшысы күн тәртібіндегі:
✅️ Көктемгі дала жұмыстарының дайындығына;
✅️ Көктемгі су тасқыны кезеңін алдын алу жұмыстарына;
✅️ Қысқы жылу беру маусымының өту барысына;
✅️ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына;
✅ БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстарға тоқталып, сала бөлім басшыларының баяндамаларын тындады.
Жиын соңында аудан әкімі аудан елді мекендерінің қыстан кейінгі көшелерді тазалау, елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын басты назарға алуды, аудан жұртшылығынын “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысуының аса маңыздылығын атап, ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру керектігін тапсырды.