КӨКТЕМГІ ЕКІ АЙЛЫҚ ЖАРИЯЛАНДЫ

КӨКТЕМГІ ЕКІ АЙЛЫҚ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қарағанды аймағында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша көктемгі екі айлық жарияланды. Осыған орай, ауданға қарасты ауылдық округтер мен кенттер әкімдері өз елді мекендерін тазалау бойынша іс-шаралар ұйымдастыратын болады.
Бұл бойынша аудан әкімі Мұхит Мұхтаров елді мекен әкімдеріне көктемгі санитарлық тазалық, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын күшейтуде нақты міндеттер жүктеді. Аудан жұртшылығын ел Президентінің бастамасымен басталған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы бойынша санитарлық - тазалық, абаттандыру жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз.