АУДАНЫМЫЗДА СУ ТАСҚЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУДАНЫМЫЗДА СУ ТАСҚЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарағанды облысы ТЖД және ТЖМ No52859 әскери бөлімінің қызметкерлері Шет ауданы Қошқарбай, Талды, Ақсу-Аюлы, Қайрақты, Ақадыр, С.Сейфуллин, Красная Поляна елді-мекендерінде су тасқыны қаупіне жедел әрекет етіп, алдын алу жұмыстарын жүргізді.
Алдын алу шаралары аясында су өткізу жүйелерін нығайту және тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп,
жалпы 770 метр арық тазартылып, 1824 дана инертті материалдар толтырылған қапшықтар төселініп және де 6164 дана инертті материалдар толтырылған қапшықтар дайындалды. Өзеннің арнасындағы 2278 шаршы метр шіліктерді отау жұмыстары жеке тұрғын үйлердің су басу қаупін жойып, жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Жұмыс аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы ТЖМ No52859 әскери бөліміне тұрақты дислокация пунктіне қайтарылды.
Красная поляна ауылдық округіне қарасты Красная поляна ауылының мәдениет үйінде округ әкімі Ж.Шайжанов және ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы М.Жаппар аудан елді-мекендерінде су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын өткізуге көрсеткен көмегі үшін, No52859 әскери бөлімінің қызметкерлеріне Шет ауданының әкімі М.Мұхтаровтың ізгі лебізін жеткізіп, “Алғыс хаттарымен” марапаттады.
Сондай-ақ, әскерилер мен департамент
қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының өз кезегінде халық пен тұрғын үй қоры үшін қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік беретінің атап өтті. Жиын соңы мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен ұласып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.