
Жуырда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев арнайы іс – сапармен ауданымызда болды. Сапар барысында облыс әкімі Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын тексерді. Қазіргі уақытта аудан орталығы Ақсу – Аюлы ауылы мен С.Сейфуллин кентінде білім ордалары бой көтеріп сыртқы және ішкі жұмыстары жасалуда. Аймақ басшысы өз сөзінде «бұл жай ғана ғимараттар емес, оқушылардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдай жасалған заманауи білім беру инфрақұрылымы. Ел Президенті бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» жобасы білім беру жүйесін дамытуда маңызды рөл атқарады және сапаның жаңа стандарттарын белгілейді. Биылғы жылы жайлы мектептерде білім алатын балалардың саны артатынына сенімдімін», - дей отыра құрылыс жұмыстарының сапасына баса назар аударуды тапсырды. Айта кетейік, екі мектептің де құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.