
Шет ауданы Шығыс халқының жыл басы санап, ұлы күнге балаған Наурыз мерекесін биыл ерекше көңіл - күймен, айрықша дайындықпен қарсы алды.
Ұлыстың ұлы күні әз - Наурыз мейрамы «Құс қанатындағы – Наурыз» атты мерекелік театрландырлған-концертпен басталды. Қыстың ызғарынан құтылып, көктемнің самал желімен құлпырған, бір - біріне дастархан жайып дәм берісіп, бауырына басып көріскен, аудан жұртшылығын аудан әкімі М.Мұхтаров құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Аудан халқы үшін жергілікті күміс көмей, бұлбұл дауысты дарынды өнерпаздардан бөлек қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, танымал әнші Кеңес Әлімжан келіп мерекеге әннен шашу шашуы, жаңа жылдық тойдың сәнін кіргізді.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің тағы бір әдемі көрінісі қаз - қатар тігілген қазақы киіз үйлер болды. Орталық спорт алаңында киіз үйлер тігіліп, дәм берілді.
Сонымен бірге ұлттық спорт сайыстары (қол күресі, кір тасын көтеру, арқан тарту, қой көтеру) жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.