
Аудан әкімі М.Мұхтаров су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысымен танысу мақсатында Ақадыр, С.Сейфуллин кенттеріне, Бұрма, Ақой, Өспен ауылдарына барды. Қазіргі уақытта елді мекендерде арықтарды ашу, қарларды шығару, инерттік материалдарды тиісті мөлшерде дайындау сынды жұмыстар атқарылған. Кездесу соңында аудан басшысы аталмыш округ әкімдеріне су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.