КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде
✅️Ауыл аманаты” бағдарламасының іске асырылуы;
✅️2024 жылғы қорытындылары мен 2025 жылғы ұлттық ауылшаруашылық санағы;
✅️Алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы;
✅️Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына дайындық іс-шаралары мәселелер қаралды. Айтулы тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, аудан әкімі атқарылуы тиіс бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аудан әкімі жиын соңында ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне елді-мекендердің көше қарларын шығару, арықтар мен ішкі көшелердегі су ағар құбырларын қардан тазалау жұмыстарын басты назарға алуды тапсырды.