
Қазіргі таңда шежірелі өлкеміздегі барлық елді-мекендерде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүзеге асуда. Ашып айтқанда аудан бойынша 48 350 м3- тан астам қар сыртқа шығарылып, тасқын суларды бұратын қар траншеяларын және (каналдарын) арықтар мен ішкі көшелердегі су ағар құбырларын қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Елді-мекендердің ішкі 245 су ағар құбырлары, ұзындығы 24,2 шқ 38 арық , 3,2 шқ, 5 канал тазаланып, 17280 дана құм салынған қапшықтар толтырылды.
Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарының сапалы атқарылуы күн тәртібіне қойылды. Жұмыстар аудан әкімінің тұрақты бақылауында. Айта кету керек, бұл іс - шаралар тек көше жолдарын ғана емес, көпшілік жиналатын қоғамдық орындарды да қардан тазартуды қамтамасыз етпек.