
17 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Шет аудандық орталық кітапханасында “Ұлттық мәдениеттің негізі-салт дәстүр” атты “Ақниет” әжелер клубының мүшелерімен кездесу кеші өтті. Кеш барысында ел жадында сақталған «Сүйінші сұрау», «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Тұсаукесер», «Беташар» сынды ғұрыптар жайында пікірталас жүргізілді. Әдет-ғұрыпқа байланысты ағаш бесіктен жер бесікке дейін, қазақтың дәстүрлі атаулары, жаңа дәстүр,жаңа салт атты кітаптары таныстырылды. Шара барысында әжелер тұсаукесер рәсімі туралы мағлұмат берді.