
ШАҢЫРАҚ КҮНІ - ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КҮНІ
16 наурыз - НАУРЫЗНАМА онкүндігінің үшінші күні – Шаңырақ күні.
Шаңырақ – отбасы татулығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы. Осыған орай, «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы және де аудандық төтенше жағдайлар мекемесі қызметкерлері қатысуымен аудандық мұражайда «Бата беру дәстүрі» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс шара барысында отбасы құндылықтары, бата берудің маңызы мен бабалар мұрасы – салт-дәстүрімізді сақтап қалу, жас ұрпаққа үлгі-өнеге айту тақырыптары дәріптеліп, ауыл ақсақалы шаңырақ құрып отырған жас отбасыларға ақ тілегін білдіріп, батасын берді.