
Жылдағы дәстүрге сай наурыз мерекесінің бастауы саналатын – Көрісу күнің аудан жұртшылығы ерекше сән-салтанатпен қарсы алды.
Ұлыстың ұйытқысы болған айтулы мерекеде ауданның мәдениет саласындағы өнерпаздар ұлттық дәстүрді ұлықтап, ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін насихаттады.
Көрісу күні – тек амандасу ғана емес, ағайынның арасын жақындастырып, бірлікті бекемдей түсетін ерекше күн. Олай болса
баршаңызды осынау айрықша мейраммен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға ырыс - береке мен молшылық тілейміз!