АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Аталмыш кеңеске ауданның мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округ, кент әкімдері қатысты. Маңызды жиында «Наурыз мейрамына» дайындық іс-шаралары туралы ауданның ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшылары баяндама жасады. Ағымдағы жағдай бойынша жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы мәселелер қаралып, бірқатар хаттамалық тапсырмалар берілді.