
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Әйел – өмірдің шуағы, қоғамның тірегі» атты іс - шара өтті. Аталмыш жиында ауданымыздағы мекеме-ұжымдарда қызмет жасап жүрген нәзік жандылар қауымы арнайы шақырылды. Кездесуде аудан әкімі М.Мұхтаров әйел азаматшаларды мейрамдарымен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін жеткізді. Сонымен қатар, әр салада басшылық тізгінді ұстап, жоғары жетістіктерге қол жеткізе білген бір топ азаматшаларымызға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде әйелдер қауымы да елеп - ескеріп, құрметін көрсетіп жатқан ер азаматтарға алғыстарын айтып, мәдениет саласының өнерпаздарының мерекелік концертін тамашалап, риза көңілмен тарқасты.