
Аудан орталығындағы мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыйынар ем, ана деген Тәңірге” атты мерекелік жиын өтті. Айтулы шарада аудан әкімі М.Мұхтаров барша нәзік жандылар қауымын мерекелерімен құттықтап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген бір топ азаматшаларға аудан әкімінің “Құрмет” грамоталары мен Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.
Осыдан кейін, ауданымыздағы мәдениет саласының өнерпаздары дайындаған мерекелік концерті көрермендер назарына ұсынылды.