
Шет ауданында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 5 наурыз күні “Көктем-2025” Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығу мақсаты аудан көлемінде азаматтық қорғау қызметінің құрылымдарын жоғары әзірлікке келтіру, ықтимал төтенше жағдайларды дер кезінде жою, көктем кезеңіндегі төтенше жағдайда халықтың тыныс- тіршілігін қамтамасыз ету, зардап шеккен азаматтарды эвакуациялау және ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тартуға жан-жақты жәрдем және көмек көрсету жұмыстарын жүргізу мен көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, күштер мен құралдардың іс-әрекетінің дайындығын тексеру.