
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Аталмыш кеңеске ауданның мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округ, кент әкімдері қатысты. Маңызды жиында 2025 жылғы аудан бойынша жоспарланған құрылыс көлемі туралы және ағымдағы жағдай бойынша жылу беру маусымының өту барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы мәселелер қаралып, талқыланды. Сонымен қатар, аудан әкімі жиын соңында ауылдық округ, кент әкімдеріне, сондай-ақ сала бөлім басшыларына аудан бойынша елді-мекендердің көше қарларын шығару, мемлекеттік мекеме маңайларын тазалау және де басқа да өзекті мәселелерді көтеріп, басты назарға алуды тапсырды.