АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудан орталығында көктемнің алғашқы айрықша мерекесі – Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы және жұмысшылар жылына орай «Алғыс – жүректен, бірлік – мәңгілік» атты мерекелік іс - шара өтті!
Ауданның аға-буындары, дәнекерлеуші, темір жолшы, медицина саласының ардагерлері мен халықаралық, республикалық дәрежедегі жүлдегер жасөспірімдер мен олардың тәлімгерлері және ата-аналармен кездескен аудан әкімі Мұхит Мұхтаров барша қонақтарды мерекемен құттықтап, жүрекжарды алғысын білдіріп, сый - сияпат жасады. Мерекеге келген қонақтар да елеп - ескеріп жатқан жандарға өз алғыстарын жеткізді Кеш соңында аудан тұрғындары елдің өркендеуі мен бірлігіне қосқан үлестері үшін ардагерлерге, еңбегі сіңген азаматтарға және жас буынға алғыстарын айтып, мерекелік концерттен көтеріңкі көңіл - күймен тарқасты.