
Ауданға қарасты Ортау ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімінің аппаратының басшысы Н.Төлеуқұлов жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау қорытындылары туралы айта келіп, ауылдық округ әкімі болып сайланған М.Дюсембаевқа әкім куәлігін табыстады.
Дюсембаев Медет Болатұлы -
1987 жылы дүниеге келген, бір жоғары білімі бар, еңбек жолын 2012 жылы Ақадыр кенті полиция бөлімшесі учаскелік полиция көмекшісі болып бастаған.
2020 жылдан 2021 жылдары аралығында жеке шаруашылықпен айналысқан.
2021 жылдан бүгінгі сайлануға дейін Ортау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.