
Кеше еліміздегі төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Аринов Шыңғыс Сайранұлы ауданымызға арнайы жұмыс барысымен келді. Алдымен министр ауданға қарасты Красная Поляна ауылдық округіндегі жаңадан салынған өрт сөндіру бекетінде болып, қызметкерлермен кездесіп, ғимараттың құрылысы мен материалдық - техникалық жабдықталуымен танысты. Өз кезегінде аудан әкімі М.Мұхтаров ауданның төтенше жағдайлармен күресудегі күштік - құрылымдарды құру және заманауи техникалармен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Министр өрт пен басқа да оқиғаларда маңызды рөл атқаратын өрт сөндіру бекеттерін құру маңыздылығы мен сала қызметкерлерінің жағдайын жақсарту, заманауи техникалармен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету шараларын қарастыруды тапсырды. Айта кетейік биылғы жылы Ортау ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру ғимаратын салу жоспарлануда.